» » » МАҚСАТЫМ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

МАҚСАТЫМ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Қуаныш БЕРІКҰЛЫ,
Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінің студенті:
Әрбір шетелде оқыған студент өзінің білім деңгейін маман ретінде қаншалықты кө­терілу керегін басқалармен салыстырады. Қазақстанның дамуына үлес қосуы үшін білімімен бірге өмір тәжірибесін де ала келеді. Инженер-металлург ма­ман­­дығы бойынша Мәскеуде білім алып жатқан Қуаныш Аптайжановтың ойынша, облыс әкімінің гранты – жастардың шам­­­шырағын жағуға әрі өңірдің кад­рлық қажеттілігін өтеуге бағытталған үлкен мүм­кіндік.

– Мәскеудегі озық универ­ситет­тердің біріне оқуға түсу үшін не істеу керек?
– Өзім – қармақшылықпын. 2016 жы­лы осын­дағы №250 мектеп-лицейді тәмамдадым. ҰБТ-ға дайындалып жүр­генде апайымыз облыс бойынша конкурс болатынын айтты. Қызығушылық танытып тапсыруға бардым. 2-3 айдан соң нәтижесі шығып, грантқа түскенімді білдім. Біз үшін, жастар үшін керемет мүмкіндік емес пе? Бүгінде Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінің 3-курс студентімін. Жыл сайын бөлінетін облыс әкімінің гранты мектеп бітірген түлектерге берілген үлкен мүмкіндік. Бұл жақтан біліміңді шыңдап, терең үңілесің, тіл үйренесің. Білімді болсаң ғана өзге елдің жастарымен иық тіресе аласың.
– Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінде 700-ден аса қазақстандық сту­­­дент оқиды. Ресей астанасында 10 мың қа­зақ­­стандық студент бар екен. Жалпы қаза­қы­лығымызды дәріптейтін қоғамдық жұ­мыстар ұй­ымдастырылып тұра ма? Қазақ­стандық сту­дент­­тердің басын қосуға қандай қадамдар жасауда?
– Әрине, сыртта жүрген соң өз қандасыңды іздейсің. Жаңадан оқуға түскендерін көрсең бау­ырың­дай ыстық сезімге бөленесің. Барлы­ғы­мыз жиі кездесіп тұрамыз. Әсіресе мере­ке күні қазақстандық студенттермен басымызды қосып, бір-бірімізді қонаққа шақырамыз. Иә, ұлт­тық болмысымызды насихаттайтын іс-ша­ралар ұйым­дастырылып тұрады. Барлығымыз да бір үйдің баласындай атсалысамыз. Ең бастысы ұлт­тық құн­дылықтарымызды ұмытпай, керісінше оны өз­гелерге дә­ріптеу – біздің ең бірінші мақ­са­ты­­мыз.
– Бізде бәрі бар. Бірақ сыртқа тәуелдіміз. Кәдімгі бұранда (шуруп) шығаратын металл бар. Бірақ біз шикізатты сыртқа жібереміз де соны бұранда қылып, қайта қымбатқа сатып аламыз. Қазақстан бойынша бір ғана компания Қытайдан бұранда тасумен айналысады екен. Ал сол бұранданы өз елімізден де шығаруға болады. Алдағы уақытта осы істі қолға алып, ел дамуына үлес қосу ойыңызда бар ма?
– Менделеевтің атап өткен эле­менттерінің барлығы дерлік өз елімізде бар. Қазақстан – қазыналы мемлекет. Тек сол байлығымызды дұрыс қолдана білу керек. Ресейде тұтынушының бел­сенділігі жоғары. Егер құрылыс ма­териалының сапасы нашар болса, мекемеге сапасының төмен екенін айтып, шағым түсіреді. Мекеме оны түзетуге тырысады. Себебі, тұтынушысын жоғалтқысы келмейді. Ал бізде сапасы нашар затқа сын, ұсыныс айтылмайды. Көбіне шағым кітабына да жазылмайды. Егер қазақстандық өнім сапасыз болған жағдайда сол мекемеге тұтынушылар шағым айтса, ол алдағы уақытта жасаған қателігін түзер еді.  Жалпы Ресей жастарының бизнеске құлшынысы зор. Тек жігер керек. Әрине, бұл жақта алған білімім мен тәжірибеммен Отанымыздың дамуы үшін аянбай еңбек етуге дайынмын. 
– Шетелге оқуға кеткен қа­зақстандық жас­тардың жартысы дерлік елге оралмайды. Кейбірі ке­лісім-шартпен шетелде қалып, сол жақта белгілі уақытқа дейін жұмыс істеуде. Ал, сіздің алға қойған мақсатыңыз қандай?
– Адамда арман таусылған ба? Мақ­сат та, арман да көп. Ең алдымен оқуымды бітіріп, оны одан әрі дамытып магистратураға түскім келеді. Білімімді толықтырған соң Қазақстанға оралып, ел дамуына үлес қосу – басты мақсатым. Арман – адам қанаты. Оған жету үшін де адамға сенім, жігер, талпыныс керек. Егер Мәскеуге оқуға түскісі келетін жас болса, қол ұшын беруге, жол көрсетуге, құшақ жая қарсы алуға дайынбыз. Біліктілікті арттырып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік болғанда  соны ұтымды пайдалану керек. Себебі, уақыт алтыннан да қымбат. Бүгінгі даму үдерісіндегі уақыт ағымында еліміздің өркендеуі үшін әрбір қазақстандықтың еселі еңбегі ерекше маңызға ие.
– Сұқбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы»
09 қараша 2018 ж. 1 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031