» » » ПАТРИОТИЗМ – ӘСКЕРГЕ БАРУДАН БАСТАЛАДЫ

ПАТРИОТИЗМ – ӘСКЕРГЕ БАРУДАН БАСТАЛАДЫ



Назық ҚАЙЫРЛАПОВ, Қармақшы ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы:
Әскерден жалтару. Отан алдындағы міндетке салғырт қарау. Бүгінгінің мәселесі ме? Әлде патриоттық тәрбиені бізге қайта қарау керек
пе? Бұл мейілінше, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың көкейіндегі үлкен сауал. Бұл жайында Қармақшы ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Назық Қайырлаповпен аз-кем әңгімелестік.  
          – Жалпы қазіргі қоғамда қазақстандық патриотизмнің көрінісін қалай көрсетіп жүрміз?   
– Патриотизм – форма киген әскери немесе құқық қорғау органы қызметкеріне қатысты дүние емес. Ол туған жеріңді, аққан суыңды, өмір сыйлаған ата-анаң мен оттан ыстық Отаныңды шексіз сүю сезімі. Көрінісіне келер болсам, бөлім әскерге шақыру науқанында насихаттық жұмыстарымен айналысады. Жергілікті әскери басқару органы болып есептелеміз. Міндетіміз – 17 жасқа толатын жасөспірімді тіркеуге алу. Мектеп оқушылары мен колледж студенттерін тіркейміз. Сондай-ақ жеткіншектер арасында еліміздің жоғары және арнаулы әскери оқу орынына іріктеуге үгіт жұмысын жүргіземіз. Мерзімді әскери қызметке шақырамыз. Ауданның білім беру ұйымдарында іс-шара, дөңгелек үстел, акция, кездесу кешін ұйымдастыруға қатысамыз. Отан қорғауды насихаттаудың өзін халықты, жастарды патриоттыққа баулу деп есептеймін.             
– Кімге болса да әскердің жүгі жеңіл емес. Осы орайда, Қармақшының тумалары қаншалықты әскери қызметте жүр? Олардың санын атай аласыз ба?
– Еліміздің аймақтарында ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметте жүрген қармақшылық офицерлер баршылық. Нақты санын айта алмаймын. Биыл көктемде 43 жеткіншек әскер қатарына алынса, былтыр күзде 50-ден аса жас Отан алдындағы азаматтық міндетін атқаруға жол тартты.     
– Әскерге шақыру жұмыстары қалай жүруде?
– Әскерге шақыру жұмысы – жергілікті атқару органдары көмегімен атқарылады. Дәрігер, медициналық жабдықтар, көлік, полиция қызметімен  қамтамасыз етілген. Шақыру бекеті өткен жылы жөндеуден өтті. Дәрігердің барлығы да – білікті сала маманы. Олай дейтін себебім, әскерден денсаулығына байланысты кері қайтып келген адам жоқ. Барлығы өз ісінің шебері.      
– Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге жастардың көзқарасы қалай?
– Елу де елу дер едім. Бір бөлігі – әскерге баруға қызығып, ниетін білдіріп жатса, екінші бөлігінің – қозғалғысы жоқ. Үстіміздегі жылы барғысы келмейтіндер көп болды. Олармен учаскелік инспектор етене жұмыс істеуде. Үйлеріне барып, ата-аналарымен сұқбат жүргізіп, түсініктеме алуда. Жосалы кентінің өзінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуден 53 жас жалтарған. Сөйлескенімізде, әлеуметтік жағдай мен жұмыссыздықты алға тартады. Кейбірі басында несиесі бар екенін айтса, кейбірі ата-анасына қарап отырғанын себеп қылады. Енді бірде ата-ана нан табар баласын әскерге жібергісі келмейтінін ашық айтады. Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі ауданында зауыт, фабрика бар. Бізде ірі кәсіпорын жоқ.  Балалардың әскерден жалтаруына жұмыссыздық – басты себеп. Жастардың дені күнкөріс қамымен қалада жүр. Не дегенде де, әскерге шақырылғанда уақытысында міндетті түрде бөлімшеге келуі тиіс. Олай болмағанда, ҚР заңнамасына сәйкес, жас жеткіншекке әкімшілік-құқықтық шара көріледі.         
– Ұраншылдықты қойып, шынайы патриоттық, Отансүйгіштік сезімді қалай қалыптастырамыз?         
             – Патриоттық тәрбиенің қайнар бұлағы – бұқаралық ақпарат құралы, газет-журналымыз. Қазір жастар мерзімді баспасөз бен кітап оқымайды. Естері теледидар мен интернетке ауған. Елімізге әлеуметтік жарнама керек-ақ. Өкінішке қарай, ол да бізде қолға алынбаған мәселенің бірі. Патриоттық тәрбиені мемлекет міндет етіп қоюы қажет сияқты. Бүгінде адами капитал ақсап, дүние алға шықты. Қарап тұрсаңыз, қазақ қазақпын деп емес, астындағы қымбат көлігімен, басындағы тұрғын жайымен мақтанатын болды. Бауыржан Момышұлы айтқан: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды». Әрбір қазақтың үйінде жалауша ілініп тұрса, онда тұрған әбестік болмас еді. Күн мен алтын қыран элементтері әр шаңырақтың айнымас серігіне айналса, құба-құп емес пе?      
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұқбаттасқан Сәрсенкүл АҚКІСІ.     
12 маусым 2018 ж. 4 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 737

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 790

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031