» » » ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ

Негізі өнер соның ішінде ән өнері шекара талғамайды, ән әлеміне әрбір елдің заңдылығы жүрмейді. Өнер, күй өнері, ән өнері, дәстүрлі ән, жыртерме қай жерде де өз салтанатын құра алады. Аталған жанрлардың қайқайсысын тыңдаған кез келген адам, оның ұлтына, нәсіліне қарамай өнердің құдіретіне, әуеніне тамсанатыны рас. Бұл өнердің киесі, құдіреті, қасиеті барын дәлелдесе керекті.
Ғарышкерлер қаласы – Байқоңырдағы №1 музыка мектебінің тарихы сонау 1960-жылдардан бастау алады. Ресей Федерациясының құзыреттілігіне қарайтын осы музыка мектебінде көп жылдан бері «Қазақ халық аспаптар» оркестрі жұмыс жасап келеді. Өнер мектебі – жас ұрпақты музыкаға баулумен қатар оларға руханимәдени тәрбие беріп болашақ таланттардың талаптарын кәсіби жағынан шыңдайтын білім ордасы. Халық аспаптары бөлімінде арнаулы орта және жоғары білімді әрі білікті мамандар еңбек етеді. Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбектері орасан зор. Ұстаздар берген білімдері мен еңбектерінің арқасында шәкірттерге кәсіби білім берумен қатар оларды музыкаға баулып, адамгершілікэстетикалық мәдениетке тәрбиелеп, отаншылдыққа, шығармашылыққа және дүниетанымдық көзқарасын кеңейтеді. Мектепте оқушылар аспапты меңгеріп қана қоймай мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық дәре жедегі байқауларда өз таланттарын көрсетіп жүлделер мен марапаттауларға ие болып жүр. Орайы келіп осы мектептің оқушылар арасындағы Халық аспаптары оркестрінің жетекшісі Дина Досжановамен әңгімелесудің сәті түскен еді.
– Дина Қалдыбекқызы, әңгіменің тінін өзіңіз туралы, өзіңіз жетекшілік ететін «Халық аспаптар» оркестрі туралы тарқатсақ?
– Иә, мен 1996 жылы Байқоңырға Тараз қаласынан келдім. Бірақ өзім осы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасымын. Алғашында Байқоңырдағы №6 қазақ орта мектебінде ән және музыка сабағынан дәріс бердім. 1997 жылдан бастап №1 балалар әуез мектебінде домбыра класынан, оркестр пәнінен сабақ беріп келемін. Жоғары санаттағы мұғаліммін. №1 музыка мектебі туралы айтар болсам, мектепте көптеген пән бар. Сонымен қатар мұғалімдер арасындағы «Назқоңыр» халық аспаптары ансамблі 2005 жылдан бері жұмыс жасайды. Оған қазіргі таңда Талғат Ибраимов жетекшілік етеді. Ал оқушылар арасындағы халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 28 жыл болды. Осы жылдар бойы оркестрге өзім жетекшілік етіп келемін. Яғни мектебіміздің балалар оркестрінде 30 жылға жуық жұмыс жасап келе жатырмын. Жұмысымның басым бөлігінде балалар оркестрімен жұмыс істеймін. Оркестрмен жұмыс жасау өте қиын әрі қызықты. Концерттік репертуарымыз ауқымды. Қазақ халық композиторлары мен халық күйлерінен бастап, шетел шығармаларына дейін ойнаймыз. Түрлі конкурсқа қатысып, жүлделі орындарды қанжығамызға байладық. Былтыр Қызылордада өткен халықаралық «Жұлдыз арт Қазақстан» байқауынан бас жүлде ұтып алып, Түркия, Ташкент, Ыстықкөлде өтетін суперфиналына тегін қатысуға жолдама ұтып алдық. Конкурстан бөлек қалалық ашық сабақтар мен шебер сыныптарын өткіземін. Екі авторлық туындым бар. Олар балалар оркестріне арналған партитуралар жинағы мен «Алтынай» атты жеке домбыра мен ансамбльге арнап өңделген әндер мен шығармалар жинағы. Кітаптарым бүкіл Қазақстанға тарап, өнер мектептерінде қолданыста жүр. Алдағы уақытта тағы бірнеше кітап жинақталып жатыр, бір-екі жылда, бұйырса, баспадан шығып қалады. Музыка мектебінің мұғалімі – өзімнің сүйіп таңдаған мамандығым. Неге десеңіз, ұстаздық қызмет пен өнерді қатар алып жүру – екінің біріне беріле бермейтін бақ деп санаймын. Алдыңда отырған баланың бүгінгі көңіл-күйінен бастап бүкіл психологиялық жағдайын бақылап, бағыт-бағдар беріп отыру, домбыра тартуды үйрете отырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, болашақ тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал ету – өте жауапты да бағалы іс екенін түсінемін.
– №1 музыка мектебінен түлеп ұшқан шәкірттер арасында елімізге белгілі талантты тұлғалар туралы мәлімет бере кетсеңіз?
– Көптеген бітірушілер өнер жолында білімдерін жалғастырып, осы салада қызмет атқаруда. Ішінде айтып өтетін шәкірттерімнің бірі – Ғани Қолғанатов бүгінде Ақтау музыкалық колледжінде білім жөніндегі жұмыстың меңгерушісі, Бақытжан Желдербаев Астанадағы Қорғаныс министрлігінің оркестрінде солист, Нұрбол Қуанышев Қызылордада жекеменшік маман дандырылған балалар музыка мектебінің директоры, Берік Батырхан Астана қаласының филармониясының симфониялық оркестріне көп жыл бойы жетекші болды.
– Биылғы жылғы музыка мектебіндегі жаңалықтар жөнінде сөз қозғасаңыз?
– Биыл мектебімізде жыр-терме мен дәстүрлі ән үйірмесін ақылы түрде аштық. Себебі, бұл жақтың халқы жыр-термеге жақын екен. «Күй табиғаты» атты облыстық конкурсты екі жыл қатарынан өткіздік. 2022 жылы бұл конкурсқа 50 өнерпаз қатысса, 2023 жылы 200-дей өнерпаз қатысты. Биылғы жылы да жоспарымызда бар. Бұл конкурста жыр-термемен қатар, домбыра, қобыз, жетіген, скрипка, баян, аккордеон, фортепиано да болды.
Биыл Байқоңыр аймағында бірінші рет Халықаралық деңгейде өткізгелі отырған «Күй табиғаты» конкурсы қарашаның 22-23 күндері мектебімізде және Ақай ауылдық клубында өтеді. Халықаралық «Күй табиғаты» конкурсының мақсаты – тек қана ән өнері емес, өңірімізде жалпы қазақ музыкасын насихаттап, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Конкурсқа Қызылорда облысымен қатар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан түрлі номинация бойынша 300- ге жуық қатысушы өтінім берді. Қазылар алқасына Алматы консерваториясынан, Астана қаласынан Қазақ Ұлттық Өнер университетінен, Қызылорда музыкалық колледжінен, Қармақшы аудандық жыраулар үйінен мамандар шақырылып, ұсынысымызды қабылдады. Біздің мектеп басшылығы қазақ музыкасын дамытудағы ниетімізді түсініп, жалпы ұжымымыздың бетке ұстар мақсаты ретінде мақтанышпен айтып, талпынысымызға демеу беріп, барынша қолдау көрсетуі – қуантарлық жағдай. Осы орайда бүкіл ұжым болып мектеп директоры В.Орловаға үлкен алғыс білдіреміз. Конкурс ты ұйымдастыру барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін, Президентіміздің өңірдегі өкілдігімен, қала әкімшілігі мен мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасымен біріге отырып, ұтымды жұмыс жасауы – мектебімізді одан да жоғары деңгейге көтеріп отыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осы жылы Байқоңыр қаласының №1 балалар музыка мектебіне 65 жыл толады. Біз даталы жылдағы мерейтойды өткізуді келер жылға қалдырып отырмыз.
– Әңгімеңізге рақмет, болашақ таланттардың қанаттары талмай, әрдайым өрлей берсін дейміз!
Сұхбаттасқан Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ
19 қараша 2024 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 086

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031