» » Кореяның өнер университеті қазақстандық жастарға арнайы грант бөлді

Кореяның өнер университеті қазақстандық жастарға арнайы грант бөлді

6.jpg
Кореяның ұлттық өнер университеті қазақстандықтардың білім алуы үшін арнайы грант бөлді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының сайтына сілтеме жасап.
Кореяның ұлттық өнер университеті (K-ARTS/KNUA) 1993 жылы ашылған және Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында орналасқан. Университетте музыка мектебі, драма, кино және мультимедиа, би, бейнелеу өнері және корей дәстүрлі өнері сияқты алты факультет бойынша 26 департамент жұмыс істейді.
Университет әртістік таланты бар жастарды қолдау мақсатында 2019 жылға арналған «Art Major Asian» (AMA) стипендиялық бағдарламасын ұсынады. Аталмыш бағдарлама арқылы бакалавриатқа және магистратураға түсуге мүмкіндік жасалған.
Стипендияның ішіне мыналар кіреді: негізгі бағдарлама бойынша тегін білім алу, ай сайынғы 800,000 вон сомасындағы стипендия, 3 ай қарқынды түрде корей тілінің курсын оқу, ішінара медициналық сақтандыру.
Тіркеу және іріктеу уақыты: тіркеу 2018 жылдың 31 шілдесінде аяқталады, ал іріктеу нәтижесі 2018 жылдың 17 қыркүйегіне дейін шығады, грант иеленген талапкерлер 2018 жылдың 29 қазанына дейін Кореяға аттануы керек, олар 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін тіл курстарын оқиды.
Оқу 2019 жылдың наурыз айында басталады.
25 маусым 2018 ж. 1 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930