» » » Нұрасыл Бекматов: "Тәуелсіздік – басты байлығымыз!"

Нұрасыл Бекматов: "Тәуелсіздік – басты байлығымыз!"

"Асыл – тастан, өнер – жастан" демекші, қазіргі таңда аудан жастарының белсенділігі қуантады. "Мен жастарға сенемін" деп кезінде ақиық ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, жастар – қоғамның қозғаушы күші әрі креативті идея тудырушылар. Осы ретте аудандағы жастардың тыныс-тіршілігін білмекке аудандық Жастар ресурстық орталығының кадр бойынша инспекторы, «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Нұрасыл Бекматовпен сұқбаттасқан болатынбыз.
– Ауданымыздың жастары Жастар үйінде жиі бас қосатын болар?
– Жастар ресурстық орталығы «Жас­тар үйі» ғимаратында орналасқан. Оның есігі көшбасшы, дарынды, белсенді және ерікті жастарға әрдайым ашық. Бізге көмек сұрап келген жастарды қолдауға тырысамыз.  Сырттан келгендердің ұсыныс-пікірлерін жинақтап, оларға қажетті  жобалар әзірлеуге атсалысамыз. Өңір жастары кез келген салада белсенді. Білім, мәдениет, денсаулық, тағы басқа да салада болсын жетістікке жетіп жүрген жастарымыз жетерлік. Өткен жылы "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы болып сайландым. Жыл мен үшін үлкен мүмкіндіктерге толы болды. Қызметке келген сәттен бастап партияішілік сайлау, яғни праймериз өткізілді. Ол қабілетті жастардың бағын ашты дей аламын. Аудан бойынша праймеризге 62 адам қатысса, соның 17-сін жастар құрады. Сайлау барысында жасотандықтардың қатарында Әділет Кенжебекұлы, Әли Әлиханұлы, ­Есбол Сансызбайұлының белсенділігін атап өтуге болады. Сондай-ақ 10 жастотандықтың ерекше көзге түскені ескеріліп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың және "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің алғыс хатымен марапатталды. Былтыр өткен сайлауда партия атынан ұсынылған 35 жасқа дейінгі 3 жас депутаттық мандатқа ие болды.  
– "Кәсіпке әркімнің-ақ бар таласы" дегендей, сіздерде кәсіппен айналысқысы келетін жастарға қандай да бір ақыл-кеңестер беріле  ме?
– Орталықтың негізгі қызмет бағытының бірі – жастар кәсіпкерлігін дамыту. Соған сай кеңес алушы жастардың саны күн санап артып келеді. Кәсіпкерлікті бастауға қызығушылық танытып жүрген жас­тарымыз аз емес. Жыл басынан бері мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болған 202 жас кәсіпкерге сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желі парақшаларына жүктеліп отыр.
Тағы айта кетерлік жайт, үш жыл қатарына өңірдегі жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауы жүзеге асырылып жатыр. Байқау 4 кезеңнен тұрады. Әрбір кезеңде жоба қатысушыларына арналған қаржылай сыйлықтар мен келесі кезеңге жолдама беріледі. Финалдық кезеңге дейін барған жас­тар инвесторлардың және қаржы институттары өкілдерінің алдында өз жобаларын қорғап, қолдау мен қаржыландырылуына мүмкіндік алады.
– Жаз мезгілі басталысымен елімізде жастар арасында "Жасыл ел" бағдарламасы іске асырыла бастайды. Бізде қалай болып жатыр?
– Дұрыс айтасыз. Жаз мезгілі қосымша табыс тауып, отбасына аз да болса көмек беруге талпынған жастарға "Жасыл елдің" берері мол.  Айтулы бағдарлама бойынша 100 жас­ты уақытша жұмыспен қамтимыз. Олар маусым, шілде, тамыз айларында көгалдандыру, абаттандыру, тазалық және күл-қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Осы маусым айында 30 жас қыз-жігіт «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақты" және «Жастар аллея­сын» арам шөптен тазартып, реттестіру үстінде. Жасылелдік сарбаздар бұл шаруалардан  бөлек, республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сырдария өзенінің жағалауына тазалық жүргізсе, жалғызбасты қарт кісілердің үйіне мекен-жайлық көмек көрсетуде. Сондай-ақ жазғы демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді пайдалануға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысады.
– Жастар арасындағы жұмыс­сыздық мәселесі қалай шешімін табуда?
– Жастар арасындағы жұмыс­сыз­дықты жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар легі тоқтаған емес. Жыл сайын жұмыссыз ретінде тіркелген қоғамдық жұмыс және жас­тар тәжірибесі арқылы уақытша жұмыспен қамтылуда. Жұмыссыздық деңгейін төмендетуде аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Жастарға арналған бос жұмыс  орындары жәрмеңкесін» өткізу жоспарлануда. Жәрмеңке арқылы жұмыссыз жүрген жастар тұрақты немесе уақытша жұмыс таба алады. Алдағы уақытта жұмыссыз жастар үшін инстаграм арқылы «Qarmaqshy jumys» парақшасын ашып, кәсіпорын немесе компаниялармен келіссөздер жүргізе отырып бос орындарды пост ретінде жүктеуді қолға алудамыз. Парақша тұрақты түрде жүргізіледі және осы парақша арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік ашылады.
– "Көшбасшы" сөзінің төркіні тереңде. Естуімізше, орталықта "Жас көш­басшы" жобасы жүзеге асып жатқан көрінеді?
– Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында «Жас көшбасшы» жобасын жазу туралы идея келді. Жобаның мақсаты – аудандағы жас көшбасшыларды анықтау, менторлыққа тәрбиелеу және олардан спикерлер пулін әзірлеп шығару. Жоба аясында жастарға арналған семинар-тренинг, курс, тимбилдинг, вебинарлар, тікелей эфир мен сұқбаттар ұйымдастырылады. Жастар арасында менторлар мен коуч-тренер тәрбиелеп шығару кімге болсын тиімді болмақ. Бұл бастаған жұмысты алға қарай ілгерілету болып есептеледі. Жастар саясатын жүзеге асыруда кент және ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу ерекше көрініс беретіні анық. Жоба шеңберінде «Көшбасшы бол» атты курс жүзеге асырылды. Онда «NEET санатындағы және жұмыссыз жастармен жұмыс», «Жұмысшы жастармен жұмыс», «Кәсіпкер бол», «Ақпарат және медиа сауаттылық», «SMM және фактчекинг» тақырыптарында оқытулар өткізілді.
– Қазақ халқының батыр ұлы Бауыр­жан Момышұлының: "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деген қанатты сөзі ешқашан күшін жоймақ емес. Жалпы жас достарымыздың арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда қандай іс-шаралар атқарылуда?
– Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда наурыз айында жасөспірімдермен 8 кездесу өткізілді. Мектеп ұстаздарын, психолог, имам, тео­лог мамандардың қатысуымен өткен іс-шараларға 160-қа жуық жасөспірім қамтылды. Жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметімен бірігіп «Жасөспірім. Көше» атты жедел- профилактикалық рейдтік іс-шарасы жүзеге асырылды. Мамандар түнгі уақытта беймезгіл көшеде жүрген жастарға ескертулер жасап, дер кезінде үйлеріне оралуға жәрдемдесті.
– Былтыр Еріктілер жылында өңірде жастардың атсалысуымен көптеген игі істер атқарылды. Қазір де ол жұмыстар жалғасын тауып жатқан болар?
– Ауданда жастар ортасында ерікті ұғымы кеңінен қалыптасуда. Уақыт өткен сайын қайырымдылық іс-шараларымен айналысатын, мұқтаж жандарға қолғабыс еткісі келіп, еріктілер қатарына қосылғысы келетін жастар саны көбеюде. Еріктілер жасағы Жосалы кентімен шектелмейді. Ауданға қарасты барлық ауылдық округте еріктілікті басты ұстанымы еткен шағын топтарымыз бар. Сөзіңізді құптаймын. Қазір де еріктілер жалғызілікті қарттарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, мүгедектерге апта сайын қажетті көмектерін беруде. Тазалық, қайырымдылық акцияларын, марафондарын, челлендждерін жүзеге асыруда қатардан қалыс қалмауда. Аудан еріктілері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 қайырымды іс» марафонының жүзеге асуына септігін тигізуде. Биылғы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы­на орай аудан жастары ауызбірлікпен өз үлестерін қосатын болады. Себебі тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз!
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұқбаттасқан
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК

22 маусым 2021 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031