Әлиакбар ақын

Асыл мұра – өткен күнді айғақтайтын құжаттарды жинақтау, сақтау және жариялау архив қызметінің әрқашанда маңызды шараларының бірі. Өткенімізді білуді, оның анық-қанығына көз жеткізуді тек архив құжаттары ғана айғақтайды. Сыр өңірінен шыққан ақындардың бірі, аты көпке мәлім Тұрмағамбет шайырдың үміт күткен шәкірті Әлиакбар Жұматайұлының архив қорында жеке тектік құжаттары сақталуда.
Әлиакбар Жұматайұлы 1910 жылы Қармақшы ауданындағы қазіргі Тұр­мағамбет ауылында  (бұрынғы №10-ау­ыл) дүниеге келген. Жеті жасында әке-шешеден жетім қалып, қиындықпен өмір сүрсе де жастайынан ақындық таланты байқала бастайды. 11-12 жастағы бала ақын жетімдіктің қайғысын, мұңын-зарын ең алғаш өлеңінде  былайша жыр­лаған:
Ағайын құлақ салыңдар,
Сөйлейін сөздің басынан
Етегім толды егіліп,
Жылаған көздің жасынан.
Жетімнің  күні не болар,
Шешесі кетсе қасынан.
Ата-анадан жұрдай боп,
Енді кімге асылам?!
Жастайынан Тұрмағамбет ұстазынан алған білімі және өзінің табиғи талантының арқасында Әлиакбар бала кезінен осылайша өлең жазуға талпынады. Ауыл жігіттерімен бірге Ташкент қаласына барып, жұмысшылар фа­культетіне түсіп, демалыс кезін­де Қармақшыға келіп тұрмыс қиын­шы­лы­ғына байланысты әрі қарай оқуға бара алмайды.
Қармақшыда поселкелік кеңестің хатшысы, төрағасы, Өзбекстанның Бекбауды ауданында жол мастері, Қармақшыда халық шаруашылығын есепке алу мекемесінің инспекторы болып қызмет етсе, Жосалы аэропортында да өз қолтаңбасын қалдырды.
Ақтөбе облысы, Мартөк ауданында Қандыағаш-Гурьев темір жолында бақылаушы, аудандық  кеңес атқару ко­митетінде нұсқаушы болып жұмыс істейді.
Қармақшы ауданы қазіргі Тұр­ма­ғамбет ауылында колхозшы, агроном, құрылыс десятингі, мектепте бухгалтер болып зейнетке шыққанға дейін қоғамға өзінің үлесін қосқан.
Ақын өмірдің әр түрлі сала­сын­дағы қызметтерімен қоса ақын­дық шығармашылығын үздіксіз жал­ғастырған. Әлиакбар Жұматайұлы өз өмірінде 220-ға жуық жазған шы­ғармалары, 43-тей жыр жолын ұр­паққа мұра етіп қалдырған. Үнді фоль­клорының сюжеті негізінде жазған  "Жүз сауал" атты көлемді дастаны 1930 жылдарда қолжазба қалпында халыққа кеңінен тарайды. Дастан пайғамбарлар өмірі туралы көркем әдебиет түрінде жазылған құнды шығарма. Әлиакбар ақынның шығармашылығының басым бөлігі – көлемді қисса-дастандар. Белгілі ақындардың жырлаған дастандарын өзіндік шешімімен қайталап жырлау үрдісіне жыршылық шығармашылықпен лайықты үлес қосқан. Мысалы Шәді төре Жәңгір ұлының 1914 жылы Ташкентте жарық көрген  "Назым Сияр Шәріп" дастанын өзінше тәржімелеп, шағатай тілінен өңдеп, 5000 жолдық дастанды 15 мың жолға көбейтіп, діни кітаптардан оқығандарымен толықтырып, кеңейте, жаңғырта жырлаған. Ақынның көлемді жыр, хикаяларының өз жүрегінен шық­қандары жетерлік. Ақынның айтыс жырлары да хат-өлең үлгісімен пікір жарыстыру сайысының үлгілері ретінде бағаланды. Әлиакбар Жұматайұлының 2008 жылы Алматы  "Курсив" баспасынан жарық көрген  "Көмейден төгіл жауһар жыр"  атты жыр жинағында шығыс сю­жеттеріне құрылған хикая-дастандарымен қатар өлең толғаулары, айтыстары, көңілқостары және тарихи аңыздар топтастырылды. Ерекше атап өтуге тұратын шығармасының бірі   "Кетенің кемеңгері" атты Қармақшы топырағында, оның ішінде Тұрмағамбет ауылының табанында дүние келген 100-жүйрік ақын,  жыраулар туралы толғауы, ХІХ-ХХ ғасырда өмірге келген тұлғаларды зерттеп жарыққа шығаруға көп еңбек, ізденіс керегі белгілі. Кеңес одағының нағыз қызып тұрған  кезінде еш қаймықпай осы жүз жүйрікті жарыққа шығарды және әр қайсысына сипаттама бергені ақынның ізденісінің арқасы. Осы жүз жүйрік негізінде  "Қармақшы жүз жыраудың елі"  болып  аталып кетті. Артына көп мұра қалдырған  Әлиакбар ақын 1987 жылы Тұрмағамбет ауылында дүниеден озды.  Ақындығымен қатар бағбандық, ұсталық қасиеттері бар ақын екі ұл, үш қызына жоғары білім алуға мұрындық болған. Қазір Әлиакбар ақынның немерелері әр салада еңбек етуде. Қармақшы ауданы архивіндегі  жеке тектік қорында бар материалдармен қатар басқа шығармашылығына кеңінен зерттеу жүргізілді. Архив қорына өмірі және қызметі жайлы құжаттары қабылданып, келешек ұрпаққа, зерттеушілерге, мектеп оқушыларына насихаттау мақсатында мәліметтер беріліп, тақырыптық көр­мелер өткізіледі.
А.МЕШІТБАЕВА
 "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" КММ-нің Қармақшы аудандық
филиалының архивисі.
13 маусым 2019 ж. 1 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031