» » » ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ТАРЛАНЫ

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ТАРЛАНЫ

                                       
        Ұлттық архив қорын тарихи маңызды жеке тектік құжаттармен толықтыру мақсатында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің, Қоғам қайраткерлерінің,  еңбек ардагерлерінің,  «Қармақшы ауданының құрметті»  азаматтарының,ақын-жазушылардың, спорт майталмандарының жеке тектік құжаттары сақталуда. Үстіміздегі жылдың жоспарына сай ақпан айында Ұлы Отан Соғысы және еңбек ардагері «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қаратай Қуаңбаевтің құжаттары қабылданды.
          Қаратай Қуаңбаев – 1922 жылы 21 желтоқсанда Қармақшы ауданы, қазіргі Тұрмағамбет ауылдық округіне қарасты елді мекенде туған. Еңбекке енді араласа бастағанда Ұлы Отан соғысы басталып, 1941-1947 жылдары қан майданның бел ортасында болып Германияның  да,  Жапонияның да жеңілісіне тікелей үлес қосады. 1945 жылы Забайкалье миномент атқыштары жоғарғы училищесін үздік бітіреді. Соғыс кезіндегі ерен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен наградталған. Туған жерге келісімен Қаратай Қуаңбаев  қарап отырмай қызу еңбекке араласты.  Қосарық ауылдық кеңесі атқару Комитетінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, Қармақшы аудандық кеңесі атқару комитетінің жауапты хатшысы, Ақжар МТС-інде партком хатшысы, Ленин атындағы совхозда жұмысшылар комитетінің төрағасы, партком секретары қызметтерін 1964 жылға дейін абыроймен атқарды. Қаратай Қуаңбаев 1964 жылдың басында Үкіметтің арнаулы қаулысымен Қызылқұмның мамырап жатқан елсіз өңірінен облыс бойынша 69 қой совхозы құрылып, соның бірі Жаңақала совхозына Қаратай Қуаңбаев директор болып тағайындалады. Қолында бұйрығы мен қалтасында мөрінен басқа ештеңе болмас да аудан орталығынан 160 шақырым қызылдың қиясындағы «Қарақ» деген төбенің етегінен алғашқы қазықты қағып, совхоздың орнын белгілейді. Міне сол күннен бастап елді жаңадан құру, мал шаруашылығын өркендетудің қым-қиғаш қиын проблемаларын шешу жолында Қаратай Қуаңбаев тынымсыз еңбегінің, елге деген, әрбір адамға деген жаңашыр қамқорлығының арқасында халықтың сеніміне ие болып, абырой биігінен көріне білді. Ол кісінің қолынан, қолдауынан қаншама ауылшаруашылығының майталман басшылары тәрбиеленіп шыққаны өмірдің шындығына айналып, елдің қуанышы болды. Еңбегі жанып совхоз жыл сайын жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, облыстың алдыңғы қатарлы шаруашылықтары қатарынан көрінген. Қаратай Қуаңбаев көптеген маманды тәрбиелеп өсірді. Қуаңбаевтың совхозды ұйымдастырудағы қыруар еңбегін, зор ұйымдастырушылық қабілетін, парастымен адамгершілік биік тұлғасы жоғары бағаланды Жаңақала совхозын үздіксіз он алты жыл басқарды. 1980 жылы денсаулығына байланысты ауылдық кеңестің төрағасы қызметіне ауысады. Осы қызметтен 1984 жылы «Республикаға ерекше еңбек сіңірген зейнеткер» болып еңбек демалысына шығады. Қаратай Қуаңбаев 1988 жылы 13 тамызда 66 жасында дүниеден озды.
     Архив қорына өмірі және қызметі жайлы құжаттары қабылданып, келешек ұрпаққа, зерттеушілерге, мектеп оқушыларына насихаттау мақсатында мәліметтер беріліп, тақырыптық көрмелер өткізіліп отырылады.
Сақтапберген Төлегенұлының «Тәрбиенің тарланы» деген өлеңіндегі:
Жаңа совхоз орнатып өзі қолдан,
Өткен талай өмірі қиын жолдан.
Емес бұл түсінгенге құр мадақтау,
Тарихта дәл осындай адам болған, – дей отырып бір шумағымен тобықтай түйіндейміз.
                 
  Гүлжамал ІЗДІБАЕВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қармақшы аудандық филиалының басшысы.
22 сәуір 2019 ж. 2 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 010

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031