ЖЫЛ ТУЫНДЫСЫ

Ел еңсесін тіктеп, бір шаңырақтың астында бекем бірлікпен тірлік еткен қазақстандықтар рухани жаңғыруда. Бұл бір жылмен шектелетін дүние емес, сондықтан қазақ қазақ болғалы дәстүрі мен салт-санасы жаңғырып, өскелең ұрпағы ұлттық құндылықтармен сусындап келеді. Тамырсыз тасы да тарихтан сыр шертетін ұланғайыр атыраптың қадіріне бойлап, бағасын бағамдайтын елміз. Сөзіміздің дәлелі ретінде «Жыл туындысы» деп айдар таққан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына оқырман ой түйіп, терең бойласа керек. Шекарамызды шегендегелі де ширек ғасырдан асты. Жетпіс жылдық құрсаудан аман-есен шығып, тарихымызды түгендеу қалды. Өйткені, біз рухани жаңғыруды жолға қойдық.



Елбасы аталған мақалада қазақ жерінің қойнауындағы құнды тарихтың ұрпақ жадында жатталып, осы Ұлы даланың перзенті екенімізді мақтан етуіміз қажеттігіне баса назар аударды. Рас, біз «Елбасы бұл мақаланы қалай жазды?» деп емес, «Неге жазды?» деп астарына үңілуіміз керек сықылды. Өйткені, бұл жай мақала емес, қазақтай алып елдің тарихына терең бойлап, болашаққа ұлттық мүддені бәрінен биік қойып баруымыз қажеттігін меңзейді. Сол себепті, «Жыл туындысы» баршаңызды жарқын болашаққа бағыттап, кемел келешекке жол сілтейтін асыл арна екені даусыз.
04 қаңтар 2019 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031