» » ТАБЫСТЫ ЕЛ – ТАРИХЫН ТҮЗЕЙДІ

ТАБЫСТЫ ЕЛ – ТАРИХЫН ТҮЗЕЙДІ


Елбасы жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы маған қатты ой салды. Айтулы мақала Мемлекет басшысының осыдан бір жарым жыл бұрын жарыққа шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы іспетті. Кешегі тоталитарлық жүйенің қазақ ұлты мен оның ұлттық құндылығына келтірген зияны орасан еді. Сондықтан да Елбасының бүгінгі төл тарихымызға оң көзқарас керек екенін айта келе Ұлы даланың жеті қырына тоқталады.
– Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес.
Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді, – деді Елбасы аталған  мақалада.
Қазақ халқы – қашанда төрт түлік малмен күн көрген халық. Мінсе – көлік, жесе – ет, ішсе – сусын. Әсіресе, көшпенділер үшін малдың орны айрықша болған. Ол тұрмыстық қажеттілікті өтеп қана қоймай, ұлттық құндылығымыздың да бір бөлшегі саналған. Соның бірі – атқа міну мәдениеті. Республиканың солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі "Ботай" қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені туралы айтылады.  
Сондай-ақ, құжатта шалбардың пайда болу тарихы да әріден таратылады.

Осы құжатта Елбасы: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп атап көрсетті.

Владимир ШЕРҒАЗИН,

ардагер-дәрігер.


21 қараша 2018 ж. 1 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031