» » ТАРИХТЫ ТАНУ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

ТАРИХТЫ ТАНУ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Өркениет көші өркендеген бүгінгі дәуірде адамзат баласы 2 – мыңжылдықтың  ширек ғасырын табысты аяқтауға таяп қалды. Күн сайын құбылып дамыған уақытта тарих тұңғиығына үңіліп, өткенді қастерлеу болашағы баянды болар мемлекеттің алғышарты. Шығыс даналығында «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген қанатты сөз бар. Осы ретте үстіміздегі жылдың 21 – қараша күні бүгінгі болмысы мен бағдары бөлек, дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан үшін мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялаған болатын. Мақала мазмұнында бүгінгідей бейбіт күнде бақытты өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының небір нәубетті басынан өткенген, заманның зобалаң жылдарынан сүрінбей жеткені туралы толымды пікірлер топтастырылған. Сонымен қатар мемлекет басшының  мақаласында төл тарихымызға қатысты тың деректер мен айшықты ақпараттары өте құнды материалдармен баяндалған. Тарих тұңғиығына көз жүгіртсек көшпенділер өркениеті мен қала мәдениеті қалыптасқан дархан даламызда батыс бен шығысты жалғастырған «Жібек жолы» сауда магистралы болғанын білеміз. Ұлы Түркі руханиятының жұрты – Қазақстан даласынан табылған,  тарихтан сыр шертетін балбал тастар мен таңбалы тастар, Солтүстік Қазақстаннан табылған «Бесоба» қорымы, ер түріктің бесігіне теңелген «Түркістан» шаһарындағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысының Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адам»  бай мұрамыз бен кешенді тарихымыздың түгел екендігін айғақтайды.
         Сонымен қатар елбасының мақаласы 2 бөлімнен, 7 тараудан тұрады. Аты атап тұрғандай «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бірінші бөлімінде  атқа міну мәдениеті,  ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі  ұлы жібек жолы,  Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны тақырыптары төңірегінде ауқымды ойлар қамтылған.
         Бүгінгідей бүгін дәуір цифрлы заманға көшкен уақытта қуатты Қазақстанның тарихына ден қойып, өткеннен сабақ алып, болашаққа бағдар жасауы өскелең ұрпақ алдындағы сауапты іс. Сондықтан тарих тұнығынан мөлдір ақпараттарды арқау етіп, келешек ұрпаққа ғажайып мемлекет қалдыру аға буын алдыңдағы қасиетті борыш. Парызымыз бен парасатымызды сабақтай отырып, бүгінгі күні тарихты түгендеу уақыт күттірмейтін қызмет деп білемін.

Азиз ДҮКЕНБАЙҰЛЫ,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы,
Техника ғылымдарының магистрі.
21 қараша 2018 ж. 1 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031