ҰЛТ ҮШІН ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ

Мен Елбасының ұлт келешегі үшін жариялаған осындай құнды құжатымен таныса отырып, көкейіме көп нәрсені түйдім. Көреген көшбасшының мақаласында жазылған «Ұлт тарихындағы кеңестік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» атты тарауларында көрсетілген атқа міну мәдениеті, ежелден елімізде өндірілген металлургия, алтын адам, қазақ елі күллі түркі әлемінің бесігі және шығыс пен батысты жалғастырған Ұлы Жібек жолыжәне басқа да бөлімдерінде жазылған ой-пікірлер бүгінгі ұрпақ үшін керекті тарихи құжат деп білемін.
Міне, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып келе жатқан ата салт-дәстүрімізді ұлықтауда, оны жас ұрпақтың санасына сіңіруде Мемлекет басшысының жариялаған мақаласы бүгінгі күні «мен қазақпын» деген әрбір отандасымыз үшін құнды құжат екені рас.
Нарша АЛДАНАЗАРОВ,
еңбек ардагері.