» » Бабалар мұрағаты – ұрпақ ұлағаты

Бабалар мұрағаты – ұрпақ ұлағаты

Қазақ елі Тәуелсіздік таңының 27 жылдық мерекесі қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зор сеніммен, ықыласпен мазмұнды талдауда. Осы ретте «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымына қарасты Т. Ізтілеуов атындағы № 29 қазақ орта мектебі топтық ұйымында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы кең көлемде талқыланды. Ата дәстүріміз, ата – салтымыз, мәдениетіміз қалтарыста қалдыратын дүние емес екенін қадап айтып, тарихшыларға, зиялы қауым өкілдеріне, ұрпақ тәрбиелеп отырған ағарту саласы өкілдеріне ерекше бағдар беріп қанаттандыра түскендей. Атқа міну мәдениеті арқылы Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі, батырлар заманының ең танымал эмблемасы десе болғандай. «Ұлы даланың ұлы есімдері» деген бөлімді оқығанда біздің батыр, данагөй бабаларымыздың рухының мықтылығы, қазақ халқының басына қандай нәубет түссе де жеңе білген тектілігі, қарыстай жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білген батырлығы ұлт рухын сөндірмей қазақ деген халықтың ашық аспанның астында көк туын желбіретіп, Егемен Ел болуы бабаларымыздың арзу арманы еді.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде жазылған мақаласында «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт бүкіл оқиғаның өлшемі» деген философиялық тұжырымы – ұлт тарихының тереңдігін, мазмұндылығын, зерттеу қажеттілігін нақтылай түсті. Ұлы даланың жеті қыры – қазақ елінің өркениетке қосқан жеті қазынасы десек артық болмас. «Алтын адам» 1969 жылы Есік қорғанынан табылған ерекше ескерткіш еді. Бүгінде өз бағасын айшықтай түсіп, бабаларымыздың мұқалмас тарихи шындығына, тарихи жәдігеріне айналды.

Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі адамның пайда болуымен түркі дәуіріндегі өркениетті жаңғырту, фестивальдар өткізуге, ежелгі тарихи орындарды туризм нысанына айналдыру арқылы тарихты таныту, тарихты тану арқылы Отанды сүю, патриотизмді қалыптастыруға үндейді. Тарихтың негізгі бағыты - өткеннен ғибрат алу. Жібек жолы, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы, тарихтың кино өнері ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту, ұлттық аспаптарды зерттеу, шығару, заманауи цифрлық форматта маңызды туындылар топтамасын жасау кезек күттірмейтін мәселе. Біздің еліміз өнерге бай халық. Жәдігерлерімізді зерттеу «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы негізінде ауқымды ізденістер, зерттеулер жүргізіп ұрпаққа берер рухани байлығымызды молайта түсу қажет. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық намысымызды қайрап, жігерімізді жанып, қадір-қасиетімізді, бірлік ынтымағымызды арттыра түсетінімен ерекше. Елбасы елдің бірлігін, ынтымағын, ырыс-дәулетін асыра түсу үшін рухани байлығымыздың ортаймауын қалайды. Бұл тұста әрбір Қазақстандық өз Отаны үшін жанашыр болуы маңызды екенін айтып өтті.

08 желтоқсан 2018 ж. 1 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031