» » Темекіден бас тарту – денсаулыққа жол тарту

Темекіден бас тарту – денсаулыққа жол тарту

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде атқарылып жатқан істер толассыз жалғасын табуда. «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымына қарасты «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» топтық ұйымында Облыстық жастар денсаулық орталығының бастамасымен «Темекіден бас тарту – денсаулыққа жол тарту» тақырыбында дебат сайысы өткізілді. Салауаттылық шарасына Облыстық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағамбетова және медбике А.Жеткергенова және мектеп мұғалімдері қатысты.
Қатысушы оқушылар сұрақтар қойып, жастар арасындағы ересектерге еліктеушілікті жою қажеттілігі сөз етілді. Оқушылар пікіріне облыстық жастар денсаулық орталығының дәрігері Ұ.Тұрмағамбетова пікір қосып, дәрігерлік кеңес берді. Тәрбиелік шараны мектеп директоры З.Тасымова қорытындылады. Шара соңында 9 сынып оқушыларының флешмоб биімен көпшілік көңілінен шықты. Салауатты өмір салты жарқын болашақ деген ұғыммен оқушылар тәрбиелік мазмұнды ой жинақтады.

26 мамыр 2018 ж. 1 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 748
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031