» » ҰЛЫ МАҚСАТТАРДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

ҰЛЫ МАҚСАТТАРДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

Қазақ тарихында сонау Абылай хан үш жүздің басын қосып, Күлтөбенің басында келелі жиын бастағалы бері айқын мақсаттар мен биік мұраттарды ту еткен бастамалар жарық көре бастады. Ұлт тарихындағы ұлы күндер көсегемізді көгертіп, болашағымызды жарқын етуді мақсат қылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқи отырып, балалар қанымен, аналар жасымен қорғалған мына ұланғайыр атыраптың қасиетіне бойлауға болады.
«Біз, қазақ, мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» деп қаз дауысты Қазыбек би айтқан ел бұл күнде әлем төрінде еңсесін тіктеп, биіктерге көз тастады. Аласапыран замандарды артқа тастадық. Енді рухани болмысымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеу – азаматтық парызымыз. Ел Президенті бастаған бастаманы әрбір қазақстандық жүрек төрінде сақтап, ары қарай жандандыруы тиіс.
Туған жер қойнауында талай тарих жасырынып тұр. Біз әлі оның болмашы пайызын ғана аша алдық. Жыл сайын ашылып жатқан жаңа қорғандар мен қалалардың сыры бабаларымыздың қаншалықты дана, қаншалықты ұлы болғанын ойға оралтады. Алтай мен Атырау арасындағы қазынаға толы мекен – атамекеніміз және оның жеті қырын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру, ұлт тарихымен сусындату – әрбір қазақстандықтың міндеті.
Гүлжауһар РАЕВА,
аудандық мәслихат депутаты.
21 қараша 2018 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 479
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31