» » » ҰЛТТЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ – ТӨЛ ТАРИХЫНДА

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫ – ТӨЛ ТАРИХЫНДА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы терең философиялық толғанысқа толы аса құнды туынды. Бас аяғы екі бөлімнен тұратын мақалада ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт толымды деректермен қамтылып, тарихи-танымдық сананы жаңғырту жолдарына ерекше маңыз берілген.


Ұлт дала кеңістігінің аса ауқымды дерек­тердің мұрасына айналғанына бұрынғыдан да гөрі көз жеткізе түскен­дей болдық. Бір ғана Ұлы Жібек жо­лы тақырыбы төңірегіндегі терең сырға толы тарихи шежіре-деректер қаншама. Ұлы Жібек жолы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальдық желі­сі ғана емес, жаһандану үдерісінің алғашқы қадамдарының бірі деп айтуға толық негіз бар. Алысқа бармай-ақ Қармақшы аймағының оңтүстік беткейіндегі асарлар кешенін еске түсірелікші. Ол өзі сырт қарағанда жәй ғана құм төбешік пішіндес үйінді болып көрінгенімен, өз кезінде өркениет орталықтары саналған қорған-қалалар.

Қармақшы асарларын мәскеулік ар­хеологтар 1970-85 жылдардың ара­лығында егжей-тегжей зерттеп, көптеген ғылыми еңбек жазып, том-том монографиялық шығармаға арқау еткені белгілі болып отыр. Әр асардың өзіндік тарихы бар. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Алтын асар жөніндегі ғылыми деректер. Қытайдың қола айнасы, британ түйреуіші, алтын, күміс, тастармен өрнектелген алқа, сырға, білезік, сақина, тағы басқа қымбат бұйымдар археологтардың баға жетпес олжасы. Осылардың барлығын өз көзіммен көріп, оның куәсі болғаным әлі күнге дейін есімде. Онда мемлекеттік құрылым болған. Асардан табылған мөр соны айғақтай түседі.

Осынау шежіреге толы қорған-қалаларды кімдер салған?! Оғыз, қыпшақтар ма, әлде?.. Бұл жайлы нақты ғылыми тұжырымдар әлі жасалған жоқ.

Елбасы өз мақаласында еліміздің тарихи жылнамасын қамтитын «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажетін ерекше атап көрсетті. Мұның өзі ұлт тарихын санаға сіңірудің басты әрі байыпты жолы болып саналары сөзсіз.

Рашид ЖАРЫЛҚАСЫНОВ,
журналист, тыл ардагері.
10 желтоқсан 2018 ж. 2 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 006

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031