ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ

Бүгінде мемлекетіміздің басты саясаты – «Мәңгілік ел» болу десек, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде шығармашыл ұстаздың мәртебесі биік. Сондықтан: «Ұстаздық – ұлық қызмет емес, ұлы қызмет», – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұстаздық жолда әрбір педагогке артылар жүк жеңіл емес. Білімді жетілдіру, үздіксіз оқу, іздену – ұстаздың өмірлік міндеті. Бүгінде ұстаз балаға қандай тәрбие беруі керек? Оның алға қойған мақсаты қандай? ХХІ ғасырдың мұғалімінен не күтеміз? Бәсекеге қабілетті, кез келген қиыншылыққа төзе алатын, тығырықтан шыға білетін, ойы озық, білімі ілгері жас өскінді даярлау үшін ұстазға қандай қасиет керек? Әсіресе, бүгінгі партада отырған баланың ертеңгі күні кім болып шықпағы бәрінен де маңызды болмақ? Ұстаз болу да, ұстаздар ұжымын басқару да – жүректің ісі. Бұл тұрғыда мектеп басшысының рөлі қандай?
Заман талабына сай жұмыс істеп, жаңа­шылдыққа ұмтылып, табанды еңбек етіп жүрген білікті басшының бірі – Гүлжахан Мұнарбаева А.Жанпейісов атын­дағы №105 мектеп-ли­цейдің директоры.

Жүйелі жұмыс нәти­же­сін­де Г.Жұмаға­ли­қызы бір­қатар жетістікке қол жет­кізді. Б.Әбенғалиев, Н.Қа­натова, Б.Ибрагимовтер «Ал­тын белгі» тағынса, М.Жап­пасбаева, А.Бақтыбаева, Н.Қуа­нышбековалар «Үздік аттестат» иегері атанды. Айтулы мектептен 2012-2013 оқу жылында 5 мемлекеттік білім грантының иегері, 2013-2014 оқу жылында 7, 2014-2015 оқу жылында 9 білім гранты шықты. 2014-2015 оқу жылында бітіруші 11-сыныпты 22 оқушы бітірсе, оның 21-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 11-сынып оқушысы Б.Ибрагимов «Алтын белгіні» қорғаса, мектептің орташа балы 82,67 пайызды құрады. 2015-2016 оқу жылында 11-сыныпты 19 оқушы бітіріп, оның 15-і ҰБТ-ға қатысты. Бітіруші Н.Қуанышбекова мен А.Бақтыбаева «Үздік аттестатқа» ие болды. 2016-2017оқу жылында Г.Әбдіхалықова «Алтын белгі» алса, мектептің орташа балы 89,29-ды құрады. Өткен жылы мектептен 3 оқушы Н.Ибрагимов, Е.Қуандықов, А.Несіпбековтер «Алтын бала» атанса, орташа балл 91,37-ні құрап, ауданда ұлттық бірыңғай тестілеу қо­рытындысымен Е.Қуандықов 131 баллды еңсеріп, ең жоғары көр­сеткішті көрсетті. Осы оқу жылында мектеп бітірген 19 оқушының 18-і мемлекеттік білім грантын жеңіп алды. Ал, 2016-2017 оқу жылында 12, 2017-2018 оқу жылында 13 оқушы аудандық олимпиададан жүлделі орынға ие болса, 2 оқушы математика пәнінен облыстық олимпиадада А.Мирамбекова, Ұ.Қо­­жахметова 2 орынды қан­жы­ғаға байлады. Сондай-ақ, «Дарын» орталығының ұй­ымдастыруымен өткен облыс­тық ғылыми жоба байқауында 3 оқушы жүлделі орынмен марапатталса, 1 оқушыға алғыс хат табысталды. Сонымен қа­­тар, облыстық руханият орталығының «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауында 3 оқушы жүлделі орынға ие болса, 2016-2017 оқу жылында «Ақбота – 2017» республикалық интеллектуалдық марафоны­нан 40 оқушы топ жарды. Ха­лықаралық «ПОНИ» – для всех» байқауында да 18 оқушы жүлде салды. Айта берсек, білім ұясында мұндай жетістік көптеп саналады.
2016 жыл мектеп үшін айтулы жыл болды. Себебі, ақпан айында мектепке «мектеп-лицей» статусы берілді. Осындай үлкен жұмысқа мектеп директоры Гүлжахан Мұнарбаева ұйытқы болған-ды. Білім саласындағы ерекше еңбегі ескеріліп, оған «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісі тапсырылды. Сондай-ақ, ол республикалық колледждер мен мектептер мұғалімдері арасында өткізілген «Үздік педагог – зерттеуші» ғылыми-әдістемелік байқауында жүзден жүйрік шы­ғып, жеңіс тұғырынан көрінді. 2008 жылы облыстық білім қызметкерлерінің «Үздік мектеп директоры – 2008» байқауының ІІ орнын иеленді.
2015 жылы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп – Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының ұж­ым­дық мүшелігіне салтанатты түрде қабылданды және «Үздік директор» І тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазы атағы берілді. 2017-2018 оқу жылында республикалық «Үздік директор» байқауында «Үздік директор» төсбелгісін кеудесінде жарқыратты. Әркез іздену мен еңбектенуді мұрат еткен Г.Мұнарбаеваға жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы тапсырылды.
– Уақытында Мәлік Ға­б­дул­­лин: «Мұғалім өзінің білім­ділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді" деген. Осыбір ғибратты сөзді ұстаз үнемі ұмыт­пауы тиіс. Расында да, оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады. Үш тұғырлы тілді меңгерудегі құл­шынысымыз жаман емес. Жалпы, жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздарға жүк­телер міндет те, талап та жоғары. «Жақсының тамыры тереңде, оны ешкім шаба алмас, көлеңкесі көктен, нұрын шашар еліне» – деген екен кезінде даналарымыз, – дейді кейіпкеріміз.
Гүлжахан Жұмағалиқызы бі­лікті басшы, ұстаз болумен бірге, отбасында үлгілі ана, сүйікті жар, ағайын-туыстың жанашыры. Халық қағидасында: «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, ол білім сапасының артуына өз үлесін қосып келе жатқан майталман. Үйретуден, кеңес беруден жалықпайтын білікті басшыны өнеге тұтамыз дегенді айтады.
Түйін:
Ұлы жазушы Экзюпери: «Егер де кеме жасағың кел­се адамдарды шақырып, жұ­мысты жоспарлаудың, бөліп берудің, құрал-саймандарды тауып берудің қажеті жоқ. Адамдардың шексіз теңізге деген ынта-ықыласын оята алсаң болғаны. Сонда олар өздері-ақ, кеме жасап алады» деген екен. Міне, біздің кейіпкердің де ұжым басқарудағы әдісі осында ұлағат бар.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
09 қазан 2018 ж. 2 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031