» » » ҚОЛЫ АЛТЫН, ІСІ АНЫҚ, ШЫН ШЕБЕРДЕ МІН БОЛМАС

ҚОЛЫ АЛТЫН, ІСІ АНЫҚ, ШЫН ШЕБЕРДЕ МІН БОЛМАС

Алдыңызда екі бұрау жол тұр. Бірі – заманауи да, бірі – ұлттық дәстүріміз. Қайсысын таңдар едіңіз? Екеуін де дейсіз бе? Шыны керек, жаһандану жайы – заманауи үрдісті талап етеді. Оны мойындаймыз да. Елдегі жаңа технология мен инновациялық қауқарсыз асығымызды алшысынан түсіре алмасымыз анық. Әйтсе де, сол жаһандану деген жайынға жем болмас үшін одан қалай сақтануға болады? Оның бір ғана жолы бар – ол ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз. Сан ғасыр санасы сансыраған қазақтың өр рухын көтерген, елдік дәрежеге жеткізген – оның алтынға бергісіз асыл қасиеті мен дәстүрі болатын. Міне, соның арқасында қаншама ғасыр артқа салып, бүгінде көк байрағын көгінде желбіретті.
Ұлттық өнер – ұлылығымыздың белгісі. Ұлт болып қалыптасуымыздағы ұлы жол. Оның нақышына, нәшіне келтіруші – еліміздің қолөнер шеберлері. Қолөнер – атадан балаға қанмен берілетін қасиет. Бойына осынау қасиет дарыған қолөнер шеберінің бірі – Мықтыбай Утебалиев. Ағаштан түрлі бұйым жасайтын өнер иесі Байқоңырдағы №277 мектеп-лицейінде технология пәнінен сабақ береді. Өз ісінің шебері бұған дейін көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерді ұлықтап келеді. Жетістігі де жетіп артылады. Атап айтсақ, өткен жылдың өзінде ағаш ұстасының Қаныш Абдиханов, Фархад Мәліков, Асхат Мәліков және Бекзат Зәмзатовтар «Біздің қолөнер әлеміміз» атты ХХ ғасырдың көркем-қолданбалы шығармашылық байқау-көрмесінде жүлделі орыннан көрінсе, Мади Амангелдиев «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» тақырыбындағы ХV қалалық балалар шығармашылық фестивалінде ІІІ орынды иеленді. Биыл шебердің «Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты республикалық қолөнер байқауына қатысқан талантты оқушысы Кенжетай Кемалов І орынды меншіктеді.
Пән мұғалімінің көп уақыты – ұстаханада өтеді деуге болады. Бала бақыты үшін уақытын аямайтын ұстаз өзін де шығармашылық ізденіспен шыңдап отырады. Ол 2017 жылы «Ұлттық өнерді жаңғыртқан үздік шебер» тақырыбындағы аудандық байқауда бас жүлде олжаласа, «Қолдан жасалған ойыншықтар» атты республикалық қолданбалы өнер сайыс­ында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, «Ұстаз шеберханасы» атты педагогтарға арналған республикалық шығармашылық байқауында да І орынды жеңіп алды. М.Ідірісұлы Байқоңырда өткен қолөнер шеберлерінің «Біздің қолөнер әлеміміз» атты қолданбалы өенр жарысында ІІ дәрежелі дипломмен мадақталса, үстіміздегі жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астанада өткен «Шын шеберде мін болмас» тақырыбындағы республикалық сайыста бас жүлде бұйырды. Сонымен қоса, «Ұлы дала батырлары» атты республикалық шығармашылық байқауында әріп­тестері арасында І орынды бағын­дырса, келесі бір «Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат» атты республикалық қолөнер байқауында дарынды шәкірт дайындап, білім саласында белсенділік танытқаны үшін арнайы диплом тапсырылды.
Бүгінде ұстаздың шебер қолынан шыққан ерекше бұйымдар еліміздің көптеген өңірінде көрме көркін келтіріп жүрген жайы бар. Шығармашыл ұстаз үнемі еңбек үстінде. Өз мамандығына берілген мұғалім оқушыларының болашағынан көп үміт күтеді. Ба­ла­­лардың технология пәніне қы­зығушылық танытуы – Жұмакүл Тілеу­ғабылова басқаратын №277 мектеп-лицейдің педагогтарының бірлігінің арқасы дегенді айтты кейіпкеріміз.
Ұстаз – тынымсыз еңбек иесі. Сөзге сараң, іске шебер пән мұғалімі бізді қиыннан қиюы келіскен небір өнер туындысымен таныстырды. Білім ордасындағы шәкірттерінің ағаштан жасаған шығармалары мектеп дәлізіне сән беріп тұр. Алдындағы оқушыны жанындай жақсы көретін білікті ұстаз Мықтыбай Утебалиев қашан да шығармашылық биікте.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
12 қыркүйек 2018 ж. 2 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031