» » Өнер арбатының ашылу салтанаты

Өнер арбатының ашылу салтанаты

Облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 1 мамыр күні Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай, Жобалық кеңсе аясында орталық алаңда Өнер арбатының ашылу салтанаты болып өтті. Ашық аспан астындағы мәдени орынның ашылуына Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы, ардагерлер, тарихшылар, өлкетанушылар, музей мамандары, жергілікті қылқалам және қолөнер шеберлері, ЖОО студенттері және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Осыдан 200 жыл бұрын бой көтеріп, өндірісі өркендеп, экономикасы дамып, сәулеті мен архитектурасы ерекшеленіп, қазірде көз тартар ғажайып мекенге айналған Қызылорда қаласы бүгін тағы бір ерекше орынмен толысты. Келешек ұрпақ санасына төл өнеріміз бен мәдениетімізді сіңіру мақсатында ашылып отырған Өнер арбаты кәсіби және әуесқой суретшілерге, қолөнер шеберлеріне шығармашылықпен айналысуға, туындыларын жарнамалауға мүмкіндік беретін, халықтың рухани дем ала алатын қоғамдық-мәдени орнына, өнер адамдарының шебер-кластар өткізетін, сонымен қатар, қала қонақтарын Сыр мәдениетімен таныстыратын, өнер иелері үшін шабыт алатын орынға айналмақ. Бұл жерде өнерді тамашалауға, ішкі мәдениетті қалыптастыруға, еш делдалсыз автордың өзінен бұйымдарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Өнер арбатының ашылуына келген қонақтар жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілердің жұмысымен танысып, үрмелі аспаптар оркестрі мен скрипкашылардың, вокалды-аспапты ансамбльдің, сондай-ақ, жас ақындар мен өнерпаз жастардың өнерлерін тамашалап, өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі. Шара барысында әр түрлі ұлттық ойындар, аға буын ұрпақ пен кіші буын ұрпақтың сайыс-кездесуі ұйымдастырылды. «Бесік тербеткен Ана» бейнесіндегі кіші архитектуралық белгінің маңына еліміздің ертеңгі болашағы кішкентай бүлдіршіндер қолымен гүл отырғызылды.
Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Бүгінгі ашылып отырған өзіндік ерек аурасы бар, символикалық белгілер мен мән-мағынаға ие бұл аллеяда мәдениетіміздің дамуына байланысты ізгі шаралар ұйымдастырылып әрі қарай да жалғасын табады.

02 мамыр 2018 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031