» » » Келбеті келіскен туған жер

Келбеті келіскен туған жер



Адам жүрегінде мәңгілік орын алатын бір мекен болса, ол – туған жері. Қайда жүрсе де, қанша жасқа келсе де туған топырақтың иісі, балалықтың ізі қалған көше, қоңыр үй, таныс дауыстар бәрі де жүрек түбінде сақталады. Менің де туған өлкемнен алыстап, көркем Көкшетаудың тұрғыны атанғаныма 30 жылдан асты. Бірақ жыл сайын елге барғанда байқайтыным – туған жердің күн санап көркейіп келе жатқаны.
Алыста тұратын адам үшін туған өлке көбіне сағынышпен байланысады. Ал келген сайын жаңа жол, жаңартылған мектеп, мәдени орындар, жарықтанған көшелерді көріп марқайып қаламын. Бұрынғы қарапайым мекен қазір қаладан кем емес. Әр барған сайын жаңа кейіпке еніп, жанданып келеді. Бұрын автобусты тек қалаға барғанда көретін болсақ, қазір заманауи аялдамаларда уақытылы тоқтап тұр. Балалар ойнайтын аулалар, жастарға арналған орталықтар – мұның бәрі елдің болашағына деген сенімді арттырады.
Демалыс орындарының көбеюі, қалада бар дүниенің шағын ауданда орын алуы, ағаштардың көп отырғызылуы, мәдени ескерткіш жанындағы гүлзарлар, күре жолдардың тазалығы, тегістігі ерекше байқалады. Жаңадан бой көтерген «Руханият» орталығы да шебер ұйымдастырылған екен. Ішінде кітапхана да, музей де, архив те бар екен.
Әр келген сайын ауданның осылай көркейіп келе жатқанына қуанамын. Бұл өзгерістерді көру – тек қуаныш емес, мақтаныш. Себебі туған жердің дамуы – әрбір тұрғынның еңбегі мен жанашырлығының жемісі. Туған жерге жақсылық жасап, оны жыл сайын жарқыратып жүрген аудан азаматтарына ризамын.
Шаттық КАНАЛБЕКҚЫЗЫ
01 қыркүйек 2025 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 500

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930