» » ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛДЫМ, ҚАРМАҚШЫМ!

ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛДЫМ, ҚАРМАҚШЫМ!

Берекелі алтын күзбен қатарласа келген қасиетті өлке, кіндік қанымыз тамған шежірелі өңір – Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойымен баршаңызды ыстық ықыласпен құттықтаймын.
Күн санап көркейіп, жыл санап жаңарған абат мекеннің бүгінгі болмысы өзгеше. Даму қарқыны да өзгелерден көш ілгері екенін мойындау керек. 90 жылда бағындырған белестеріміз бен шыққан шыңдарымыз ауыз толтырып айтарлық. Тарихы тереңнен басталатын қасиетті туған жердің әрбір жетістігіне марқайып отырамыз.
Ауыл – қазақтың қарашаңырағы болса, сол елді мекендердің дамуы біздің ауданда жолға қойылған. Маңдайы күнге күйіп, табаны жерге тілінген еңбеккерлеріміз де жыл сайын қамбамызды дәнге толтырып, шаруашылықтың шырайын келтіруде. Қазыналы жұрттың мерейлі мерекеге қосқан үлесі де шексіз.
Қазаны ошақтан түспей, дастарқанынан кісі арылмайтын дархан ел!
Ел үшін еткен еңбектеріңіз жанып, әр жылы толайым табысқа кенеле беріңіздер. Қобыздың үнін құлаққа келтірер өнердің ордасы, қазақылығы қаймақ боп қалқыған туған елдің мәртебесі арта берсін.
Аудан тұрғындары егеменді елімізді өркендету жолында аянбай еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Біз Сіздермен мақтанамыз.
Мерекеде Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Бекмырза Еламанов,
Қ Р Парламенті Сенатының депутаты
15 қазан 2018 ж. 1 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728