ҮШ АУЫЛ ӨНЕРПАЗДАРЫ ӘН ШЫРҚАДЫ

Жуырда осы мерейлі мереке аясында Жосалы кентінің орталық алаңында Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун ауылдық округтерінің мәдениеті мен өнер күніне орай «Ән-жырым, саған, Туған ел» атты мерекелік концерті өтті.
Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған концертте ауылдық округтердің көркем өнерпаздары Қармақшы ауданының тарихы жайлы сахналық көріністер қойып, ән мен жырдан шашу шашып, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бір өкініштісі, айтулы мереке аясындағы ұйымдастырылған концертті ат төбеліндей көрермен тамашалады.
Үш ауылдың өнерпаздарының мерейлі мереке үшін тарту жасау мақсатында тертөге дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Бірақ тамашалайтындардың аз болғаны еңбектің бағаланбағанындай әсер етті.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».