» » Елорда күні тойланды

Елорда күні тойланды

Қазақта «Қос тойың қабат болсын» деген тәмсіл бар. Биыл тарихы әлемге мәлім алғашқы астанамыз, қойнауы ән мен жырға, ырысқа толған Қызылорда қаласына 200 жыл, ал жүз жырауын жүзіктеген Қармақшыға 90 жыл толып отыр. Сондай-ақ, күні кеше жүрегі от, жаны жалын, Елордамыз Астана қаласы 20 жылдығын тойладық.
«Ару қалам, асқақ ордам – Астанам» атты Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара орталық алаңда ерекше тойланды. Орталық алаңда өткен мерекелік шараны тамашалауға келген көрерменнің де қарасы қалың. Қыдыруға арналғандай ауа-райы да қолайлы болды. Тек сахнадағы қойылымды тамашалап, таза ауамен тыныстап, демалғанға не жетсін? Мұндағы бір ерекшелік – барлығының да көңіл-күйі жоғары. Бүгінгі мерекемен бірін-бірі құттықтап әлек.
Аудан әкімі С.Мақашов салтанатты шараның шымылдығын ашып, аудан тұрғындарын Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Қуаңдария, Қызылтам, Дүр Оңғар, Төребай би, Иіркөл, ІІІ Интернационал, Тұрмағамбет, Ақай ауылдары мен Төретам кентінен келген өнерпаздар әсем әннен шашу шашса, ауданға танымал жыраулар өнер көрсетіп, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Астана қаласының мерейлі мерейтойында ұлттық аспаптың дәріптелуі мен Отанға арналған әрбір орындалған париоттық ән халыққа рухани дем бергендей.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
10 шілде 2018 ж. 3 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930