» » Тазалық – иманның жартысы

Тазалық – иманның жартысы

Қазір Жосалы кентінің орталығында күнделікті көше бойына тазалық жасайтын уақытша қоғамдық жұмысшылар бар. Олардың 80 пайызы әйел азаматтар. Оның ішінде зейнет жасына жақындап қалған үлкен апаларамыз да бар. Бұл кісілер бала-шағасын асыру үшін осы жұмысқа келіп, ауа райының ыстығында да, қатты желдің шаңы мен суық күннің аязында да өздеріне бекітілген көше бойында шашылған қоқысты, тұрмыстық қалдықтарды жинайды. Себебі, ауа райы қолайсыз деп жұмыс тоқтап қалмайды. Бірақ, бүгін тазалап кеткен көшесі азанда барғанда қайта қоқысқа толып тұратыны қынжылтады. Кейбір адамдардың түсінігінше көше бойын қоғамдыққа келген әйелдер тазалауы тиіс деген ұғым қалыптасқан. Бұл адамның еңбегін көріп тұрып бағаламау, туған жердің қадірін білмеу деген сөз. Ішкен суының баклажкасы мен жеген тамағының қалтасын отырған жеріне тастап жатқанда әрекетінің дұрыс еместігін саналы азамат білуі тиіс. Туған жерді ластайтын да, көркейтетін де өзіміз. Сырттан келіп ешкім бүлдірмейді, болмаса тазалап бермейді.
Қадірлі жерлестер!
«Өз-өзіңді сыйла, жат бойынан түңілсін!» демей ме үлкендер. Өзімізді өзіміз құрметтеп, қолдан келетін іске жалқаулық танытпай, тазалықты табалдырығымыздан бастайық!
«Әркімнің туған жері-жұмақ мекені, Мысыр шаһары» деген қанатты сөз бар. Олай болса жұмақ мекенімізді таза ұстау, оның әрбір мүлкін қадірлеу біздің міндетіміз екенін әрқашан естен шығармауымыз керек.
Тым болмаса жаздың 60 градус ыстығында, қыстың қақаған аязында, көктемнің екпінді желінде еңкейіп, қоқыс тазалап жүрген апаларымыз бен ағаларымыздың еңбегін бағалайық!!!

Жосалы кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Жылтыров

27 шілде 2021 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930