» » Тазалық - ауыл айнасы

Тазалық - ауыл айнасы

ЖОСАЛЫ, 5 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан орталығында 119 көшеде 20 885 халық, 4279 тұрғын үй бар. Жосалы кентінің әкімшілігі аудан орталығының тазалығын қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында жыл көлемінде уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа адамдар қабылдап, бұл азаматар күнделікті көше бойын тазалау жұмыстарын атқарады. Жұмысқа келген азаматтардың басым көпшілігі әйел азаматтар. Олар мемлекеттің берген азғантай ақшасына бала-шағасы үшін еңбек етіп, еліне, отбасына қаншама пайдасын тигізіп жатыр. 
Алайда кент тұрғындары тарапынан тазалық сақтау мәдениеттілігі күннен-күнге жоғалып барады. Себебі, көшеде шашылған тұрмыстық қалдықтарды күнделікті қапқа салып жинап жүрген осы кісілер біреуіміздің - анамыз бен апамыздай, біреуіміздің - жеңгеміз бен қарындасымыздай. Бірақ бүгін жинап кеткен жері ертең қаз-қалпына шашылып жатады. Бұл біріншіден өзімізді сыйламағанымыз, екіншіден аналарымыздың еңбегін бағаламағанымыз. 
Қазақ халқы қашанда ананы құрметтеп, оның әрбір ісін дәріптеп өткен дана халық еді. Бірақ, қазіргі біз көріп жүрген көрініс қазақ халқы үшін жат қылық. 
Егер, Қармақшы аудандық мәслихатының «тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» 2018 жылдың 23 қазанындағы №205 сессиясының шешімімен бекіген әрбір отбасы адам басына 95,41 теңге ай сайын төлем төлеу арқылы жиналған тұрмыстық қалдықтарын «Қармақшы тазалығы» ЖШС мекемесімен (байланыс телефоны: 2-29-35) келісім шартқа отырып, белгіленген полигонға шығарып отырса, бұндай келеңсіздік орын алмас еді. Бұл жөнінде кент әкімшілігі үйді-үйге Үнпарақ таратып, жергілікті баспасөз бетіне хабарландыру да жариялады. 
Қадірлі ағайын!
«Ынтымақ кеткен жерден - ырыс, бірлік кеткен жерден - береке кетеді». Ел болып бірігіп, тазалықты өзімізден бастап, берекемізді қашырмай, ырысымызды еселейік ағайын!
Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов
05 қараша 2019 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930