» » Қоқыстан тазартты

Қоқыстан тазартты

ЖОСАЛЫ, 5 қараша - qarmaqshy-tany.kz Кент әкімдігі «Ақтілек» мейрамханасының артында орналасқан КТПН маңайында бей-берекет шашылған тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмысын жүргізді.


- Негізінен бұл күл-қоқыс төгуге арналған орын емес. Кент әкімшілігі тарапынан Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабына сәйкес құзырлы органдар тарапынан шара қолданатыны ескертілген Үнпарақтар үй-үйге таратылды. Аудандық полиция бөлімі арқылы айғақты дәлелімен екі тұрғынға айыппұл салынды. Алайда жергілікті тұрғындар осы жерге тұрмыстық қалдықтарын тастауға дағдыланып кеткен. Сырттан келіп ешкім жерімізді ластаған жоқ, бұл жергілікті тұрғындардың қолымен жасаған қиянаты.  Құрметті кент тұрғындары! Саналы азамат ретінде маңайымызды, туған жерімізді бірінші өзіміз ластамай таза ұстайық! - дейді Жосалы кенті әкімінің орынбасары Б.Жылтыров.























05 қараша 2019 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031