» » КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

КЕНТ ТАЗАЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

«Сенбілік – тазалық кепілі». Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық. Өткен сенбіде басталған «#Birge #TazaQazaqstan» акциясы кеше тағы жалғасын тапты. Алдыңғы аптада аудан әкімі Сұлтан Мақашов бас болған акция барысы Сырдария өзенінің бойын қоқыстан тазартса, Жосалы кенті әкімі аппараты мен бірнеше мекемеден құралған топ та жоғары деңгейде акцияға қатысып, белсенділік көрсетті. Олар ауданның шығыс жағында орналасқан «Қараөзек» теміржол көпірінен бастап, батысындағы теміржолдың үстінен өтетін көпірге дейінгі аралықтағы шойынжолдың екі бетін тазалап шықты. Оған төрт техника жұмылдырылып, сол сәтте жиналған қоқыс сыртқа шығарылды.


«Тазалық – табалдырықтан басталады» дей­міз-ау. Бірақ айтылған сөз санамызға әлі толық сіңбегені ме, айналамызды әлі қоқыстан тазартып әлекпіз. Бір кезде ауладан шыққан қоқыс қалдығын кез келген жерге төктік. Ол жерге қада қағып, «Қоқыс тастауға болмайды» деп жазып, айыппұлына дейін көрсетіп қойдық. «Баяғы жартас сол жартас» демекші көшеде қоқыс жәшігі тұрса да сыпайы түрде қапқа салып тастап кетуді тағы үрдіске айналдырдық. Тастаған қапты қараусыз мал мен қаңғыған ит кеп шашуда. Осылайша бір жұмысқа екі жұмысты жүктеп өзіміз қайта жинау­дамыз. Қайсы бірін айта береміз. Бұл жайында газеттің кешегі өткен санында да айтылды. Сіз қашан қоқыс тастауды тыйғанша біз жазудан тынбаймыз.
Өткен айда аудан әкімдігінде өткен жиналыс­тың бірінде кенттің тазалығы жөнінде қадап айтылды. Онда алдағы уақытта көшеге қоқыс тастаған тұрғынға ескерту беріп қана қоймай, айыппұл салып, газетке аты-жөнімен шығаруды ұсынған еді. Міне соның кезегі келген сияқты...

Ерсін СӘДУҰЛЫ

06 тамыз 2019 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 876

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930