» » АУДАН ӘКІМІ КӨШЕ КОМИТЕТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ КӨШЕ КОМИТЕТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының төрағалығымен Жосалы кентінің көше комитеттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жосалы кентіндегі санитарлық тазалық, көркейту көгалдандыру және қоғамдық тәртіп мәселелері туралы көше комитеттерімен аудандағы сала басшыларымен талқылады.
Кенттегі жеке тұрғындардың малдарын қараусыз қалдырмау, көше бойындағы қоқыстарды тиым салынған жерлерге тастамау керектігі, өз тұрғын үйлерінің алдын таза ұстау қажеттілігі жөнінде көше комитеттерінің ұсыныстары талданып тазалық мәселесі басты назарға қойылды.
Алдағы уақытта күл – қоқыс тастау, кентте көркейту ережелерін бұзғаны үшін иесіз малдардың жүру фактілері бойынша шара қолдану жұмыстары күшейтілетін болады.
Жиын қорытындысымен алдағы уақытта бірлесіп тұрғындармен жұмыстар атқару, халық пен билік арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындар арасындағы маңызды мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
24 маусым 2019 ж. 1 080 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 008
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 626

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031