Серпінмен сенбілікке...
Жосалы кентінің тазалығы кент әкімінің назарында тұрған ауқымды жұмыстардың бірі. Уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа келген жұмысшылардың көмегімен күнделікті тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Мәселен, 2019 жылдың 4-8 қараша күндері Жосалы кентінің көшелерінде және белгіленбеген орындарға жиналған күл қоқыстар қапқа салынып, техниканың көмегімен сыртқа шығарылып жатыр. Аяқ су жүретін арықтардың іші тазартылуда. Ал, жеңіл қалдықтар мен жапырақтар жиналып, орынында өртеліп, көмілуде. Әр екі жұмысшыға төрт көшеден бекітіп беріліп, күнделікті тазалығын қамтамасыз ету міндеттілініп қойылған.
Дегенмен, бүгін тазартылған орындарда, базар, сауда дүкендері маңайында тұрмыстық қалдықтар ертесіне шашылып жатады.
Құрметті кент тұрғындары!
Тазалық пен ыждағаттылық әркімнің өз туған ауылына деген сүйіспеншілігін қажет етеді. Тазалық бірінші адамның жеке басынан бастау алуы тиіс. Кенттің әрбір тұрғынын меншігіндегі үйін, қора-жайын, сауда нүктелерінің ауласы мен маңайын таза ұстап отыруға шақырамын.
Жосалы кентінің әкімі Ш.Сыдықов