» » Тазалық бар жерде береке бар

Тазалық бар жерде береке бар

qarmaqshy-tany.kz Тазалық жоқ жерде елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді болары хақ.
Көрікті мекеніміздің келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейтіні белгілі. Күн сайын кемел келешекке құлаш сермеп, көркейіп келе жатқан кентіміздің ажары оның тазалығына да тікелей байланысты. Ал тазалық пен ұқыптылық әрбір адамның туған мекеніне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан да тазалық - қоғамдағы маңызы зор мәселе болып табылады.
Ислам дініміздің өзі тазалықтан бастау алып, тазалыққа негізделген. Қаныш Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген екен.
Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың да тазалық мәселесіне ерекше мән беруінің нәтижесінде, аудан әкімі Ә.Ерсұлтановтың қолдауымен 2022 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, көше тазалығын арттыру үшін ППМ-2000 тіркемелі сыпырғыш машинасы сатып алынды.
Бұл біз үшін үлкен жетістік. Себебі, осыған дейін көше бойына жиналған топырақ, балшық, қар, жаңбыр суы болсын жұмысшылар күрекпен қырып, сыпырғышпен сыпырып келген еді.
Қазіргі таңда аталған техника Жосалы кенті көшелерін тазалап, қызмет етуде. Бұл өз кезегінде көше тазалаушы жұмысшылардың жұмысын жеңілдетіп, заман талабына сай көшені тазалауға мүмкіндік жасалды.
«Жаңа Қазақстанның» жаңашыл азаматтары аман болсын!
28 қараша 2022 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031