Құрылтай
» » » ЖЫР-ӘННІҢ ЕЛІ, ТҰРАННЫҢ ТӨРІ – ҚЫЗЫЛОРДА

ЖЫР-ӘННІҢ ЕЛІ, ТҰРАННЫҢ ТӨРІ – ҚЫЗЫЛОРДА

Ауданымыздың «Руханият орталығында» Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» тақырыбында жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті. Оның өткізілудегі мақсаты – заманауи поэзияның көкжиегін кеңейту, туған жер тарихын жырлау, жас ақындардың шығармашылығын шыңдау.
Мүшәйраның шартына сай талапкерлер «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, тақырыпқа орай арнау және «Жаныма жақын жырларым» атты еркін тақырыпта өлеңдерін ұсынды.
Сөз сайысына 11-15 жас аралығындағы 8 жасөспірім қатысып, бақ сынасты.
Қазылар алқасы үміткерлердің ақындық өнеріне, сөз саптауына, өлең ұйқасына, ой жүйелілігі мен тереңдігіне, көркемдігіне, тіл тазалығы мен сахна мәдениетіне назар аударды.
Мүшәйраның қорытындысында І орынды Алдашбай ахун ауылындағы №111 мектептің 7-сынып оқушысы Мәди Елдес жеңіп алса, ІІ орынды Тұрмағамбет ауылындағы №29 мектептің 5-сынып оқушысы Мағжан Амангелдиев, ІІІ орынды Жосалы кентіндегі А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің 5-сынып оқушысы Бибіажар Асқарқызы иеленді.
Жүлдегерлер мен басқа да қатысушылар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының диплом, алғыс хат, сыйлықтарымен марапатталды.
С.ДАТ
25 сәуір 2025 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 549
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 021

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031