» » » Қос газеттің мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы өтеді

Қос газеттің мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы өтеді


«Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Атыңнан айналайын, Атамекен!» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізіледі.
Е Р Е Ж Е С І
Мүшәйраның мақсаты:
Алаштың анасы атанған киелі Сыр өңірі дәуірлер сипатын ашатын тарихқа да, данышпан би-шешендерінен, батырлары мен ақындарынан қалған асыл мұраға да бай. Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша сондай жәдігерліктерімізді ұрпақ бойына сіңіруге ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мүшәйраға қатысушы ақын атамекеніміздің қасиетін, аталарымыздың өсиетін жырмен кестелеп жеткізуге міндетті. Сонымен бірге, «халықтың тілі, көзі һәм құлағы» болған аймағымыздың ата басылымдары туралы да сыр толғауы тиіс.
Ақындар мүшәйрасы ұлтымыздың басты тәрбие құралы болған халықтың салт-дәстүрін, туған жеріміздің ыстық келбетін өрнектеу арқылы санамыздың рухани жаңғыруын мақсат етеді.
Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
- Мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
- Қатысушы мүшәйрада оқылатын өлеңін алдын ала көрсетілген мекен-жайға жіберуі қажет.
- Ақын өз даусымен екі өлең оқиды, екеуі де көрсетілген тақырыптарды қамтуы тиіс.
- Мүшәйраға арнайы сараптаудан өткен ақындардың шығармалары жіберіледі.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
Мүшәйраның өту барысында қазылар алқасы төмендегі талап-талғам бойынша жұмыс жасайды:
- Өлеңнің тақырыбы және құрылымы;
- Тіл тазалығы мен ақынның тақырыпты жеткізу шеберлігі;
- Автордың оқу мәнері мен аудиторияға әсер етуі;
- Қатысушының өзін сахнада ұстау мәдениеті;
- Озық өлеңдерге 3 орын (1, 2, 3-орын) және ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған шығармалар ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталады.
Мүшәйраға ұсынымдар 22 қарашаға дейін қабылданады.
Ескерту: Мүшәйра 28 қараша күні сағат 10-да А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтетін қос газеттің мерейтойына арналған конференция барысында ұйымдастырылады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 4 «А». Байланыс телефондары: 40-11-10 (1038,1033) е-mail:syrboyi@yandex.kz, aiashuly_62@mail.ru
Ұйымдастыру алқасы.
16 қараша 2019 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9846)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (9845)

30 қараша 2019 ж.

№92 (9844)

26 қараша 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031