» » » Облыстық газеттердің мерейтойына орай ақындар мүшәйрасы өтеді

Облыстық газеттердің мерейтойына орай ақындар мүшәйрасы өтеді

Облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Атыңнан ­айналайын, Атамекен!» деп аталатын ақындар мүшәйрасы өткізіледі.

                                       Е Р Е Ж Е С І
  
Мүшәйраның мақсаты:
Алаштың анасы атанған киелі Сыр өңірі дәуірлер сипатын ашатын тарихқа да, данышпан би-шешендерінен, батырлары мен ақындарынан қалған асыл мұраға да бай. Рухани жаңғыру бағдарламасы бо­йынша сондай жәдігерліктерімізді ұрпақ бойына сіңіруге ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мүшәйраға қатысушы ақын атамекеніміздің қасие­тін, аталарымыздың өсиетін жырмен кестелеп жеткізуге міндетті. Сонымен бірге, «халықтың тілі, көзі һәм құлағы» болған аймағымыздың ата басылымдары туралы да сыр толғауы тиіс.
Ақындар мүшәйрасы ұлтымыз­дың басты тәрбие құралы болған  халықтың салт-дәстүрін, туған же­ріміздің ыстық келбетін өрнектеу арқылы санамыздың рухани жаңғыруын мақсат етеді.
 
Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
-  Мүшәйраға 18-40 жас аралы­ғындағы ақындар қатыса алады.
- Қатысушы мүшәйрада оқылатын өлеңін алдын ала көрсетілген мекен-жайға жіберуі қажет.  
- Ақын өз даусымен екі өлең оқиды, екеуі де көрсетілген тақырыптарды қамтуы тиіс.
-  Мүшәйраға арнайы сараптаудан өткен ақындардың шығармалары жіберіледі.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
Мүшәйраның өту барысында қазылар алқасы төмендегі талап-талғам бойынша жұмыс   жасайды:
- Өлеңнің тақырыбы және құ­рылымы;
- Тіл тазалығы мен ақынның тақырыпты жеткізу шеберлігі;
- Автордың оқу мәнері мен аудиторияға әсер етуі;
- Қатысушының өзін сахнада ұстау мәдениеті;
- Озық өлеңдерге 3 орын (1, 2, 3-орын) және ынталандыру сыйлықтары беріледі.
 
Қазылар алқасының ше­шімімен үздік деп танылған шығармалар ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталады. 
Мекен-жайымыз: Қызыл­орда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 4 «А». Байланыс телефондары: ­40-11-10 (1038,1033) е-mail:syrboyi@yandex.kz, aiashuly_62@mail.ru

Ұйымдастыру алқасы
07 қараша 2019 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9840)

12 қараша 2019 ж.

№87 (9839)

09 қараша 2019 ж.

№86 (9838)

05 қараша 2019 ж.

Мәдениет

Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

12 қараша 2019 ж.
Мейірім шуағы

Мейірім шуағы

11 қараша 2019 ж.
Сәлем саған, ақ ордам

Сәлем саған, ақ ордам

26 қыркүйек 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930