» » Жас ақындар-руханияттың діңгегі

Жас ақындар-руханияттың діңгегі

Қармақшы ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Бадырақ Гүлнар аудандық кітапхананың «COWORKING» орталықталығынада «Рухани жаңғыру» тұғырнамасы және «2019 -Жастар жылына» орай «Жас ақындар-руханияттың діңгегі » атты әдеби-сазды кеш өткізді. Мақсаты рухани құндылықтарға сүйене отырып, кент тұрғындарының халықтың салт-дәстүріне, тарих, мәдениетіне, әдебиетіне қызығушылық пен құрметін ояту және дамыту. Жас ақындардың жырларымен таныстыру. Әдеби- сазды кешке руханияттың жыр бесігін тербеткен поэзия жанрында қалам тербеп жүрген «Жас қауырсын » клубының мүшелері қатынасты. Жас ақындар үш бөлім бойынша өнер көрсетті. Олар: «Өзім туралы», «Жаныма жақын жырларым», «Менің хоббиім». Жастар – ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Жастар кез-келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде маңызды орын алады. Жастар-қашанда қоғамның генераторы, жаңа идеялардың бастамашысы. Мамандығымызға сай қоғамды ағартуға, күш салуымыз керек деп ойлаймын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осының жүзеге асуына бір керемет тетік болды деп есептеймін. Кітапхана - білімпаздар мекені. Жастар кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге еңбек етейік. Кітапты қадірлейік, сақтайық, жан серігімізге айналдырайық.
14 мамыр 2019 ж. 1 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031