» » » ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАР

ЖЕҢІС ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАР

Бейсенбіде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Аналар – асыл жандар, ардақтылар» тақырыбында аудандық оқушылар арасындағы жас ақындар айтысы өтті. Додалы айтыстың басты мақсаты аналар күні мерекесін ұлықтау, қазіргі айтыс өнеріне бет бұрған жастарымыздың шығармашылығын дәріптеу, жетістігі мен жеңісін сараптауға, халық арасынан таланттарды тауып таныстыру, насихаттауға бағытталды.
Жас ақындар айтысына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Еркінбек Ерсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, жас талантты ақындарға сәттілік тіледі.
Жас ақындардың өнерін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің директоры Айгерім Ешбаева, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Ақнұр Сағынтай саралады. Сөз сайысында оқушылардың сөз ұтқырлығына, мақамына, тақырыпты ашуына баса мән берілді. Өнер додасының қорытындысы бойынша бас жүлдені No106 орта мектептің оқушысы Жансая Асанова қанжығасына байлады. Ал І орынды No29 орта мектептің оқушысы Фатима Мархабатова еншілесе, ІІ орынды No121 мектептің оқушысы Бекзат Ғалидоллаұлы иеленді. Жүлделі ІІІ орынды No28 орта мектептің оқушысы Жанель Тоқтар мен No105 мектеп-лицейінің оқушысы Диас Тиыштыбай өзара бөлісті. Сонымен қатар No121 орта мектептің оқушысы Ералы Ғалидоллаұлы мен No28 орта мектептің оқушысы Ақерке Шоңбаева Алғыс хат пен қосымша сыйлықтарға ие болды. Ал осы дәстүрлі ақындық өнерді ұрпақ санасына сіңіріп, айтыс өнеріне шәкірттерді шыңдап жүрген жетекші ұстаздары аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жас ақындар айтысына ауданымыздың елді мекендерінен қара домбырасын жанына серік етіп, жаһұт жырларымен ардақты Аналарымызды жырларына қосып, мерейлерін асқақтатқан жас талантты ақындардың жемісті күндері көп болсын деп тілек білдіреміз.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
09 наурыз 2025 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930