» » » АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР, АРДАҚТЫЛАР

АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР, АРДАҚТЫЛАР

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы аясында 8 наурыз-халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында "АНАЛАР - АСЫЛ ЖАНДАР, АРДАҚТЫЛАР" тақырыбында оқушылар арасындағы аудандық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Бүгінгі додалы айтысымыздың басты мақсаты - Аналар күні мерекесін ұлықтау, қазіргі айтыс өнеріне бет бұрған жастарымыздың шығармашылығын дәріптеу, жетістігі мен жеңісін сараптау. Халық арасынан таланттарды тауып таныстыру, насихаттау.
Жас ақындардың өнерін сарапқа салған қазылар алқасының төрайымы – Райымбаева Сәрсенкүл Жаудатбекқызы – /ақын, Жазушылар Одағының мүшесі/, мүшелері Қаниева Гүлшара Бөгенбайқызы - /орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры/, Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы –/ақын, Жыраулар үйінің маманы/ қазылық еткен ақындар айтысы ІІ айналым арқылы өткізілді. Додалы айтыста №85 мектептің оқушысы Жалғасбаев Еркебұлан Бас жүлдені жеңіп алса, №250 мектептің оқушысы Карабдинов Қайсар І орынды иеленді. Иірімді мақам саздары көріктерімен қоса жарасқан сұлу да биязы қыздарымыз №28 мектептің оқушысы Тоқтар Жанель мен №106 мектептің оқушысы Асанова Жансая ІІ орынға ие болса, №269 мектептің көрікті қызы Хамит Аяжан, №275 мектептің оқушысы Әлиев Әділет, №105 мектептің оқушысы Тиыштыбай Диастар ІІІ орынды өзара бөлісті.
Ақындар айтысына қатысқан барлық қатысушы талантты ақындарарнайы дипломдармен және сый сияпаттармен марапатталды. Ақындар айтысына арнайы қонақ болған жергілікті ақын Дастан Мырзабекұлы өзінің төл туындысы «Анам жайлы аңыз» атты кітабын барша қатысушы жас ақындарға сыйға берді. Ауданымызға сыйлы азамат, ардагер Құлдүйсенов Әбдірахман ағамыз Аналар мерекесімен құттықтап, лебізін білдіріп, ақ батасын берді.
Ақындар айтысына ауданымыздың елді-мекендерінен қара домбырасын жанына серік етіп, жақұт жырларымен өмірдің шуағы мен нұры болған Аналарымызды жырларына қосып, мерейлерін асқақтатқан жас талантты ақындарымызға рахметімізді айтамыз.
05 наурыз 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031