» » » Жазба ақындар мүшәйрасы өтті

Жазба ақындар мүшәйрасы өтті

Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, К.Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің" ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған "Туған тілім - тірлігімнің айғағы" атты оқушылар арасындағы аудандық жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.

Жазба ақындар мүшәйрасын Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Қармақшы аудандық филиалының төрайымы - Раева Гүлжауһар Төлегенқызы ашып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» Қармақшы аудандық филиалының төрайымы - Раева Гүлжауһар Төлегенқызы, Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығының Қармақшы ауданындағы мемлекеттік тіл оқытушысы Дүзенова Гүлжанат Өмірқызы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері – Бауыржан Қайырбаевтардың ұйғарымымен ІІІ орынды Қалдыбек Зере /29 мектеп/, Оразбек Аружан /29 мектеп/, Ғалымжанқызы шаттық /250 мектеп/, асанова Жансая /106 мектеп/ жеңіп алса, ІІ орынмен Өміртай Тоғжан /250 мектеп/, Нағашыбай Нұрай /279 мектеп/ мараптталды. Жүлделі І орынды Нұрадин Тоқбике /99 мектеп/ жеңіп алса, Бас жүлдені 27 мектептің оқушысы Мұхамбетқалиқызы Раида жеңіп алды. Мүшәйраға қатысушы барлық талапкерлерге Алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
04 қыркүйек 2024 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 635
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 409

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031