» » » Жазба ақындар мүшәйрасы қорытындыланды

Жазба ақындар мүшәйрасы қорытындыланды

2021 жылдың тамыз айында ауданымызда алғаш рет Төретам кенті әкімшілігі мен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Төретам кенттік клуб үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Қазақ тілім – мәңгі жасар байлығым» атты аудандық оқушылар арасындағы онлайн жазба ақындар мүшәйрасы өткізіліп, 17 тамыз күні қорытындыланды.
Жыр-мүшайрасына Байқоңыр қаласынан және ауылдық округтерден 9 жас ақындар қатысып, сындарлы тарихы бар қасиетті қазақ тілінің мәртебесін өлеңмен өрнектей отырып, бабалардың қанымен келген қастерлі Тәуелсіздік ұғымын әлінің келгенінше жырларына қосып, бала жүректен шыққан өлеңдерін паш етті.
Жыр-мүшайрасы екі кезеңнен яғни тіл тақырыбы мен Тәуелсіздік тақырыбына арналған өз өлеңдерін арнайы видеоға түсіріп ұйымдастыру алқасына ұсынды.
Қазылар алқасының төрағасы Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, айтыскер ақын Сырым Әділбеков, мүшелері Төретам кенттік ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Алиева Райхан Шаухаровна, аудандық мәдениет жән тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Наренов Ермек Әмірғалиұлы жас ақындардың өнерін сарапқа салды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жосалы кентінен қатысқан жас ақын Орынбасаров Ердаулет қанжығасына байласа, І орынды Иркөл ауылынан Амантай Нұрсәуле, ІІ орын Жаңажолдық жас ақын Мәнсүрова Еңлік, ІІІ орынды Қармақшы ауылынан Толғанай Бекболатқызы мен Қызылтамдық Елеусізова Шұғыла өзара бөлісті. Мүшайраға белсене қатысқаны үшін Бақытова Жасмин Байқоңыр қаласы, Қабылқызы Кәмшәт – Тұрмағамбет ауылы, Сырлыбай Айгерім – Тұрмағамбет ауылы, Смайлұлы Бекқанатқа алғыс хаттар табысталды.
Марапат иелеріне Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

20 тамыз 2021 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930