» » Ұлттың ұлы ұстазы

Ұлттың ұлы ұстазы


Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан Халқы Тілдері күні қарсаңында түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты аймақтық ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып шыққан және онымен қоса қазақ графикасын жасауға белсене атсалысқан қайраткер, ұлы тұлға.
Ахмет Байтұрсынұлындай қайраткерді жырға қосқан ақындарға Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі.
Ақындарымыз тілге деген құрметін, отансүйгіштік қасиетін жырмен, өлеңмен жеткізді
Жыр мүшәйрасына 11 талапкер ұсыныс беріп, 6 ақын жүлделі орындармен марапатталды.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдемен Тұрар Бекмұрзаев /Қармақшы ауданы/,
1 орынмен Асқар Әли /Қызылорда қаласы/,
ІІ орынмен Мейржан Қартбай /Жалағаш ауданы/, Қадырбекова Гүлжанат /Қармақшы ауданы/,
ІІІ орынмен Бақтөре Айтбаев /Сырдария ауданы/, Жаңабай Зылиха /Жалағаш ауданы/ арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
04 қыркүйек 2022 ж. 1 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 136

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930