» » » Ғасырлық тарих, шежірелі жол

Ғасырлық тарих, шежірелі жол

Биыл қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл атаулы күн кәсіподақ тарихындағы айтулы оқиға болумен қатар, еліміздегі білім беру саласындағы қызметкерлердің құқығын қорғау, әлеуметтік әділдікті орнату мен кәсіби даму жолындағы көптеген жетістіктерді айқындайтын мереке де. Кәсіподақ шежіресі сонау 1924 жылдан бастау алады. Сол уақытта Қазақстанда білім беру мен ғылым саласында бірқатар өзгерістер орын алып, еңбек құқықтарын қорғау қажеттілігі туған болатын. Бұл уақыт аралығында кәсіподақтың негізгі миссиясы – білім және ғылым қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту мен жетілдіру болғаны анық. Кәсіподақ ұжымдық келісімдер, еңбек заңнамасы және қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған түрлі іс-шараны қолға алды.
Ғасырлық тарихында кәсіподақ өз мақсатмұратына адал болумен бірге, жетістіктерді де еңсере білді. Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде кәсіподақ білім беру саласындағы реформаларға белсенді қатысып, ұстаздардың мәртебесін көтеруге атсалысты. 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң соның жемісі әрі жарқын мысалы. Заң мұғалімдердің құқықтарын қорғап, олардың кәсіби деңгейлерінің жоғарылауына жағдай жасады. Еңбекақыларын арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар кәсіподақтың белсенді қолдауы мен бірлескен жұмыс нәтижесінде жүзеге асқанын атап өткен жөн.
Кәсіподақ өз қызметінде әлеуметтік әріптестікті дамытудан бөлек, қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен әділетті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында да келіссөздер жүргізіп келеді. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметі тек елімізде ғана емес, халықаралық аренада да мойындалды. Ол халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасу және әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін жетілдіруге үлесін қосуда.
100 жылдық мереке – бұл өткен жолды саралап, болашаққа жаңа жоспар мен мақсат құрудың сәті. Алдағы уақытта кәсіподақ білім беру жүйесін жетілдіру, ұстаздар мен ғылым қызметкерлерінің беделін көтеру, әлеуметтік қолдауды арттыру бағытындағы жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. Сонымен қатар білім мен ғылым саласында еңбек ететін барша азаматтың жетістігін, олардың жанқиярлық еңбегін мойындау десек те артық болмас. Еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында екені белгілі, ал сол ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрімен сусындатуда ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Кәсіподақ – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі» деп атап өткен болатын. Сондықтан кәсіподақтар – әлеуметтік әріптестермен бірге еңбек адамының құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғаудың өркениетті тәсілдерін белсенді жүргізетін институт. Оның қызметі – үлкен күш. Басты мақсаты – еңбек ұжымы арасындағы тұрақтылықты сақтау, жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір іспетті.
Бүгінде аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің 63 бастауыш ұйымы бар. Олар – 30 мектеп, білім бөлімі, 3 мектептен тыс мекеме, 1 ППТК, 24 мемлекеттік балабақша және 4 жеке балабақша. Есептік кезеңде кәсіподақ мүшелерінің саны 142 адамға артып отыр. Осы уақыт аралығында 4 жеке балабақша және №284 мамандандырылған мектеплицей-интернаты қосылып отыр. Жалпы білім беру мектептерінде 2221 мұғалім бар болса, білім беру мекемелерінде Ұжымдық шарт жасалған.
Кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі – құқықтық жұмыстар. Осы мақсатта 2021 жылдың 1-5 ақпан аралығында ауданның 18 орта мектебі мен 1 негізгі мектеп және аудандық оқушылар үйінде қоғамдық қабылдау өткізді. 2021 жылдың 24-25 қараша аралығында облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Е.Жұбатқановпен бірге Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылы мектептерінде, 2022 жылдың 8-18 ақпан аралығында 3 мектептен тыс мекеме, 19 мектеп және 18 балабақша, осы жылы 10 мектеп бойынша өткізілді. Сонымен қатар құқықтық мәселелер туралы жеке қабылдаулар, телефон арқылы қойылған сұрақтар өз шешімдерін тауып отырды. Бұл бағытта мектептерде «Кәсіподақ қызметі – еңбек адамының мүддесін қорғау», «Кәсіподақ қозғалысының қазіргі қоғам дамуындағы ықпалы», «Педагог қызметкерлерді аттестациялау – білім сапасын арттыру кепілі», «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына енгізілген өзгерістермен таныстыру», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауға байланысты нормативтік құжаттарға түсіндірме жұмыстары» тақырыптарында облыстық, аудандық семинар, конференция, әдістемелік көмек бағытында отырыстар өткізілді.
Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, белгіленген нормативтерге сәйкес әрбір жұмыскер үшін еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасауға жәрдемдесу бағытында жұмыс жасайтын әрбір мекемеде техникалық инспекторлар бар. №30, №250, №26 мектептің техникалық инспекторлары облыстық байқауға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Есепті мерзім арасында атқару комитетінің 12 отырысы өтіп, онда кәсіподақ комитетінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жағдайы, оларды іске асыру, тәжірибе алмасу алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Әлеуметтік әріптестікті нығайту барысында білім мекемелерінен қызметкерлердің жүктемелері туралы ақпараттар алынып отырылады.
Бастауыш кәсіподақ – қоғамда болып жатқан өзгерістерден шет қалмай, ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес, әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күшжігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым болып табылады. Оның төрағалары арасында аудандық отырыстар – «Кәсіподақ ұстаз мүддесі үшін», «Педагогикалық әдеп қағидалары», «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы Ереже» тақырыптарында, алдағы жұмыс жоспарлары жайында және жаңадан келген бастауыш кәсіподақ төрайымдарына әдістемелік көмектер беріледі. Олардың арасында облыстық кәсіподақ комитеті құқықтық семинарлар ұйымдастырып тұрады.
Кәсіподақ комитеті жұмыстарының тағы бір бағытының бірі – мәдени іс-шаралар. Мысалы, 1 Наурыз – «Алғыс айту» күні мерекесінде «Жас қанат» жастар кеңесі мүшелерінің қатысуымен жылма-жыл «Шын жүректен алғыс айтамын» тақырыбында көшпелі құттықтау іс-шарасы өткізіліп келеді. 2020 жылы кент орталығындағы мектептер, 2021 жылы кент орталығындағы балабақшаларды құттықтаумен қатар, №183 мектепте шаруашылық меңгерушілерін құттықтау іс-шарасы өткізілді. 2022 жылы көшпелі құттықтау 2 топ болып жасақталды, өткен жылы Байқоңырдағы қазақ мектептері Ақай, Төретам ауылы мектептеріне, 2024 жылы Төребай би, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Т.Көмекбаев, Қармақшы ауылдарындағы мектептер мен балабақшаларға, сонымен қатар Т.Көмекбаев ауылындағы 90 жасқа келген тыл ардагеріне барды. №26 мектепте «Алғыс айту парызым» атты шаруашылық меңгерушілері, есепшілер, кіші қызметкерлерге арналған құттықтау мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданымызда ардагерұстаздарымызды және шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарымызды марапаттау, барша аналарымызды құттықтауға арналған «Арулар – аяулылар, ардақтылар», «Ару көктем, асыл ана» тақырыптарында мерекелік кездесулер ұйымдастырылып келеді. Осы жылы мереке қарсаңында аймақтық іс-шаралар жоспарланып, №183 мектепте мерейтой иелері ардагерұстаздарымызбен «Дәстүрімнің бал қаймағы – әжелер» тақырыбында, №28 мектепте «Мен анамын ұрпағын әлдилеген», №279 мектеп-лицейінде «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыптарында ұрпақтар сабақтастығы ретінде өнегелі іс-шаралар өтті.
Облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінен бастау алған «Наурыз жылуы» акциясына аудандық кәсіподақ комитеті де өз үлесін қосуда. 2020 жылы 174 отбасына, 2021 жылы 72 отбасына, 2022 жылы 79 отбасына, 2023 жылы 79, 2024 жылы 83 отбасына қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырды. 2020 жылы еліміздегі карантин кезеңінде кәсіподақ комитеті тарапынан қашықтан оқыту кезінде ұстаздарымызға қолдау көрсетуде 32 дана ноутбук ұстаз мүддесіне пайдалану мақсатында табысталды және 500 дана медициналық маска таратылды.
Ұстаздар мерекесі өзіміздің төл кәсіби мерекеміз. Айтулы мерекеде салтанатты іс-шара аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, ауданның бөлім басшылары мен ардагерлеріміз, ұстаздарымыз, басқа да қонақтарымыздың қатысуымен өткізіледі. «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік», «Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы, қасиетіңе бас иелік мәңгілік!», «Ұлағатыңа бас иемін, ұстазым» тақырыбында өткен шараларымыз – сөзіміздің дәлелі. Сонымен қатар мерекелік шарада 70, 75, 80, 85 жасқа толған мерейтой иелері ардагерұстаздарымызды құттықтап, марапат жасалынып, әрі қарай ұлағатты ұстаздарымызға арналған ән, би, күйлер орындалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сондай-ақ ұстаздармен қатар, жылда есепшілер күні, кәсіподақтар күні және кітапханашылар мерекесіне орай білім саласын дамытуда өзіндік үлес қосып жүрген сала мамандарын марапаттауды тыс қалдырған емеспіз. Атаулы күндері білім бөлімі басшысының қабылдауы, құттықтаулары өтеді.
Азаматтық ұйымның ардагерлерді ардақтау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Аудан бойыняша ардагерлер саны 823, оның 563-і педагог, 260-і техникалық қызметкер. 563 ардагер-ұстаздың 513-і яғни, 91 пайызы өткен жылы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын иеленді. «Еңбек ардагері» төсбелгісімен 3, «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен 2, 19 ардагер Қармақшы ауданының 90, 95 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Осы кезең аралығында 194 ардагер, оның ішінде 4 ардагер облыс әкімінің, 13 ардагер облыстық кәсіподақ комитетінің құттықтауымен марапатталса, 10 ардагер шипажайға демалып қайтты.
Былтыр қасиетті рамазан айында әлеуметтік әріптестерімізге «рамазан тәттілері» табысталса, биыл №30 мектепте және №279 мектеп-лицей базасында 200 білім қызметкеріне, ардагерлерге ауызашар берілді.
Ардагерлер аудандық, облыстық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. 2022 жылы «Қазақтың даналық, ғибратты сөздері» атты облыстық байқауында №29 мектеп ардагері З.Тасымова Алғыс хатпен марапатталса, 2023 жылы облыстық ардагерлер байқауында №99 мектептің ардагер-ұстазы Д.Махамбетов жүлделі 3 орын иеленді.
Одан бөлек, Отан қорғаушылар, Жеңіс және Балалар мерекесі күндері де білім ұйымдарында кеңінен аталып өтіледі.
2015 жылы «Жас қанат» жастар кеңесі құрылғаны белгілі. Жас ұстаздардың көшбасшылық қасиетін дамыту, бастамашыл креативті жас педагогтердің ой-пікір алмасу алаңын құру, белсенді кеңес мүшелерін ынталандыру, жас мамандарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру бағытында біршама іс-шара ұйымдастырылды. «Мақсаттары бір арнаға тоғысқан білім жастары», «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыптарында форум, отырыс, дөңгелек үстел пікірталастары өтті. Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қуатты Қазақстанның жарқын бейнесі – жігерлі жастар» тақырыбында Алматыда болған шығармашылық алаңға Қ.Ізкенов және Н.Сайлауов қатысып, Н.Сайлауов облыстық «Үздік жас маман» номинациясын, облыстық жас ұстаздар арасындағы байқауда «Жасампаздық жаршылары» номинациясын жеңіп алды.
Былтыр «Жыл таңдауы – 2023» тақырыбында өткен мерекелік салтанатқа аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысып, білім саласындағы әртүрлі бағыт бойынша білім, спорт, өнер бәйгелерінен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарған шәкірт бағбаны болған ұстаздарға алғысын білдіріп, бірқатар сала ардагері мен ұстазға марапат табыстады. Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бітіруші түлектердің «Алтын белгіге» ие болған оқушылардың бастауыш сынып ұстаздарына «Біркөлік» демалыс шипажайына жолдамалар табысталып келеді. Кәсіподақ комитеті білім қызметкерлерінің денсаулығына, отбасындағы әлеуметтік жағдайына байланысты қайырымдылық көмектер жасап отырады.
Ұлтқа қызмет етуді ұстанымына балаған ұлылықтың басындағы ұлағат иелерінің шәкірт бойына жаққан сәулесі мәңгілік маздасын. Әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Ләззат ЕСХАНОВА,
аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ
комитетінің төрағасы
16 қазан 2024 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031