» » Кәсіподақ күші – бірлікте

Кәсіподақ күші – бірлікте

        Соңғы жылдары қоғамда кәсіподақтар жұмысы қайта жандануда. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғауда кәсіподақтар мықты күшке айналып келеді. Елбасы әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыруға, еңбек дауларын реттеуге кәсіподақтардың қатысуына үлкен көңіл бөлу қажеттігін нақты тапсырған болатын. Сондықтан да кәсіподақ қоғамдағы тұрақтылықтың тірегі,әлеуметтік еңбек қатынастарын қалыптастырушы ретінде өз міндет-миссиясын адал атқаруда. Бүгінде еліміздегі кәсіподақтар арасындағы ең ірі қоғамдық ұйым-қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы.
        Қазіргі таңда ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің құқықтық қорғалуына білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының сеп болып жүргені баршамызға аян. Қоғамдық ұйым мен кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен күші кешегі төтенше жағдай режимі кезінде ерекше көрінді.
       Біздің мектептің қызметкерлері мен ұстаздары мемлекеттің әрбір азаматының денсаулығының қауіпсіздігі үшін жариялаған карантин талаптарын орындауда темірдей тәртіп орната алды. Қашықтан оқытудың қиыншылығына мойымай, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды.
        Ал білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы «Кәсіподақ күші – бірлікте» ұранымен кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын қорғауда ерекше жұмыс істеді. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, кәсіподақ мүшелерінің атынан  мектеп пен балабақшада қызмет істейтін көпбалалы және аз қамтылған қызметкерлерге азық-түлік таратып, жәрдем көрсетті.
       Қашықтан оқытуға байланысты аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен осы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде біздің мектептің 1 оқушысына роутер, бір мұғалімге ноутбук берілді. Осындай қолдау көрсетіп жатқан кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз.
       Жұртшылық қызметшісі саналатын кәсіподақ ұйымдары тәуелсіздік тұғырын биіктетіп,  татулықтың тағылымын таныту, береке бастауы –  бірлік екенін осындай келелі істерінен байқатса керек.
Жанна ӘТЕЕВА,
№111 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы   
28 қараша 2020 ж. 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031