» » Қазіргі қоғамда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары

Қазіргі қоғамда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Қазіргі қоғамда бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» атты көшпелі семинар Қармақшы ауданы Ш.Уалиханов атындағы №26 орта мектеп базасында өткізілді.
Семинарға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы, заңгер Утегенова Нұргүл Сабырқызы, құқықтық мәселелер жөніндегі маман Жұбатқанов… Ербол Жүнісұлы және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Молдабаева Жұлдызай Кетебайқызы қатысып, жаңадан қабылданған 33 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына кәсіподақ жұмыстарын ұйымдастыру, іс-қағаздарды жүргізу, ұжымдық шарт жасау, келісім комиссиялары мен еңбекті қорғау техникалық инспекторының жұмысы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары тарапынан:
- Декреттен кейін еңбек демалыс күнім аз шықты, осы дұрыс па?
- Қайтыс болған жағдайда жұмыс орнынан әлеуметтік көмек беріледі ме?
- Мектеп бес күндік жұмыс жасайды, бірақ алтыншы күніде жұмысқа келеміз. Осы дұрыс па?
- Техникалық қызметкерлер қосымша жоқ қызметкердің жұмысын орындағанына айлық қалай төленеді? – деген және тағы басқа сұрақтарына нақты, толық жауап алып, практикалық көмек көрсетілді.
24 сәуір 2018 ж. 2 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031