» » Ұстаз мүддесі – кәсіподақ назарында

Ұстаз мүддесі – кәсіподақ назарында

Әрбір мекемеде кәсіподақ комитеті жұмыс істейді. Негізінен кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Бұл әлеуметтік маңызы бар ұйым. Кәсіподақ дегенді жалпылама түсінсек те, нақты қандай қызметі бар екенін көпшілік біле бермесі анық. Саралап көрсек.
Кәсіподақ – еңбек адамдарының мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым. Елдегі жоғары жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымының қосып жатқан үлесі мол.
Ал кәсіподақ ұйымы қандай қызмет атқарады? Аталған ұйым әлеуметтік бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп отырады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алып, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетеді. Олардың еңбек демалысын лайықты өткізуіне мүмкіндік береді.
Көптің түсінігінде кәсіподақ шипажайға жолдама алып беруші ғана. Ал шын мәнісінде ол қарамағындағы қызметкердің құқығын қорғап, еңбек дауларының алдын алады. Өндіріс жағдайында түрлі жазатайым оқиғалар орын алғанда, жұмысшы тараптың жағдайын да осы кәсіподақ қарастырады. Сондықтан да қай жерде, қай мекемеде жұмыс істесеңіз де, кәсіподаққа арқа сүйеуге болады.
Біз білім саласындағы кәсіподақ комитетінің жұмысына тоқталмақпыз. Қай заманда болмасын ұстаздар қауымының қоғамда ойып тұрып алатын орны бар. Бес арыстан бастап, ел басқарған шенеуніктерге дейін ұстаз деген ұлы жаннан білім алған. Сонау жылдардағы жалындаған жас ұстаздар – бүгінде ардагер ұстаз. Сол құнды білімінің құнарынан болар, бүгінде халыққа қызмет етіп жатқан әр салада сауатты жандар жетерлік. Ұлттың сауаттануы – бүкіл қоғамның, мемлекеттің сауатты болуы деген сөз. Сондықтан осы ұлы жолмен жүріп келе жатқан ұстаз қауымының мәртебесі қашанда биік болуы шарт. Осыған орай, былтыр Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Бұл заң мұғалімнің мерейін өсіріп, беделін арттыруға бағытталған.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын бұлжытпай орындауға дайын тұратын бірден-бір ұйым – бұл кәсіподақ комитеті. Әрбір білім ордасында қызмет ететін кәсіподақ комитеті түйткілді мәселені шешуге, ұстаздар тарапынан түскен өтініш-талаптарды мүмкіндігінше заң аясында орындауға, әлеуметтікэкономикалық мүдделері мен құқықтарын қорғауға жұмыс істейді. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымы ұстаздың жасаған еңбегіне, парасатты сара жолына алғыс айтып марапаттаудан да еш айныған емес. Міне, осындай саяси, экономикалық, шығармашылық саланың басын бір арнада алып жүру – кәсіподақтың кәсіби міндеті. Жоспарланған әрбір шығармашылық шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру да назардан тыс қалған емес. Әсіресе, жастар тарапынан қолдау да, белсенділік те жоғары, – дейді №21 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасының бастауыш кәсіподақ төрайымы Жазира Ақбатырова.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
14 қазан 2020 ж. 1 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031