» » » Жыл үздіктері ­– марапат төрінде

Жыл үздіктері ­– марапат төрінде


   Тағы бір жылдың тарих қойнауына өткеніне санаулы күн өтті. Жаңа жылдың есігін ашпас бұрын, әрине өткен жылдағы атқарған қызметіміз бен бағындырған биігімізді ой елегінен өткізбеу мүмкін емес. Осы орайда аудандық мәдениет үйінде жылды қорытындылауға арналған іс-шара өтті.
    Бұл басқосудың басты мақсаты – елімізге шынайы қызмет етумен қатар, өз мамандығын жете меңгеріп, еселі еңбегімен үлкен жетістіктерге жеткен маман иелерін дәріптеу. Қасиетті Қармақшы өлкесі туралы бейнесюжетпен шымылдығын түрген жиын аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының құттықтау лебізімен жалғасты.
­   – Қадірменді жерлестер, келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өткен жылды қорытындылап,  атқарылған істерді сараптайтын, алдағы жылға жаңа жоспарлар жасауда баршаңызға сәттілік тілеймін. 2023 жыл ауданымызға толайым табысқа толы, жемісті жыл болды. Мұның барлығы сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Ел игілігі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл сайын өсіп-өркендеп келеді. Биылғы жылдан да күтер үміт мол. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылықтар тілеймін. Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын! Ауданымыз әрқашан жасай берсін!, ­­– деген аудан әкімі өңірдің былтыр қол жеткізген оң нәтижелер, аудандағы ілкімді істер мен жағымды жаңалықтарды тілге тиек етті. Биыл қолға алынғалы тұрған оң бастамаларды да атап өтіп, жиылған көпті қуантты.
   Мұнан соң, аудан әкімі жыл көлемінде белсенді еңбек еткен бірқатар қызметкерді облыс, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар сан саланың үздіктерін анықтайтын «Жыл үздігі ­– 2023» марапаты ұсынылды. Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің директоры Гүлжахан Мұнарбаева «Жылдың үздік ұстазы», «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Нұрлан Іздібаев «Жылдың ауыл шаруашылығы саласының үздігі»,  аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла «Жылдың үздік қаржы саласының қызметкері», «АНК-Дәулет» ЖШС директоры Дәулет Қанатбай «Жылдың үздік кәсіпкері», аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы Индира Уразбаева «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі», аудандық аурухананың жалпы тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі Динара Жүсіпова «Жылдың үздік медицина саласының қызметкері», аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ақерке Бекеева «Жылдың үздік мәдениет саласының қызметкері», аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Ардақ Сүлейменова «Жылдың үздік бұқаралық ақпарат құралы қызметкері»,  «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің Қармақшы аудандық бөлімшесінің директоры Ержан Мұсаев «Жылдың үздік коммуналдық саласының қызметкері», жастар арасынан самбо күресінен Азия чемпионы, ҚР чемпионатының жүлдегері Әсемай Рүстемова «Жылдың үздік спортшысы» атанды.
   Жылды қорытындылау іс-шарасы аудан өнерпаздарының мерекелік бағдарламасымен жалғасты.
«Қт» ақпарат
06 қаңтар 2024 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031