» » Жыл үздіктері анықталды

Жыл үздіктері анықталды

УАҚЫТТЫҢ ӨТКЕНІ БІЛІНБЕЙДІ. ТАҒЫ БІР ЖЫЛ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ. ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ЕСІГІН АШПАС БҰРЫН, ӘРИНЕ ӨТКЕН ЖЫЛДАҒЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІМІЗ БЕН БАҒЫНДЫРҒАН БИІГІМІЗДІ ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗБЕУ МҮМКІН ЕМЕС. БЫЛТЫР СЫНАҚ ПЕН САБЫРҒА ТОЛЫ ЖЫЛДАР ЖАЛҒАСТЫ. ӘЛЕМ ДҮРЛІГІП, АТЫ ЖАМАН ІНДЕТПЕН ӘЛІ ДЕ КҮРЕСІП КЕЛЕДІ. ІНДЕТТІ ІРГЕМІЗДІҢ АЛЫСТАУЫНА СЕП БОЛАР ВАКЦИНАНЫ ДА ҚАБЫЛДАДЫҚ. ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚА­ДІРІ АРТЫП, БІРЛІГІМІЗ НЫҒАЯ ТҮСТІ. ТӘУЕЛ­СІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ ДҮБІРЛІ ТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ. ЕҢСЕЛІ ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІНДЕ ТҮРЛІ БАҒЫТТАҒЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БЕЙБІТ КҮННІҢ БАҒАСЫ АРТЫП, ҚҰРМЕТІ АРТТЫ. АУДАНЫМЫЗДА ДА АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙ­ТАР­ЛЫҚТАЙ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖЕТЕРЛІК. КЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, СПОРТ КЕ­ШЕНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛУДА. КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЙІП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ. ЕҢ БАСТЫСЫ, КЕНТІМІЗГЕ КӨГІЛДІР ОТЫН ҚОСЫЛЫП, КӨП­КЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ. АЙТА БЕРСЕК, ӘЛІ ДЕ КӨП.
Осы ретте, жыл аяғына сәйкес ау­дандық мәдениет үйінде қорытынды салтанатты жиын өтті. Алғашқы сөзді алған аудан әкімі Қайрат Нұртай қармақшылықтарды Жаңа жылмен құттықтап, жыл көлемінде атқарылған істерге шолу жасады.
– 2021 жыл аудан халқы үшін же­місті жыл болды. Биылғы жылы ауыл­шаруашылығы саласы бойынша ауданымыз облыстағы «Үздік аудан» атанды. Жосалы кентінде табиғи газ іске қосылып, 1500-ге жуық отбасы көгілдір отынның игілігін көруде. Жосалы кентінен көп балалы отбасыларға арналған 10 тұрғын үй табысталды. Сондай-ақ, қыс-жаз мезгілдерінде балалар тынығуға арналған лагерь құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге дайындалып жатыр. Жаңа жыл баршаңызға жақсы жетістіктер мен толағай табыстар әкеліп, әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, мол жақсылық сыйласын, – деді аудан әкімі Қайрат Нұртай.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтар құрмет төрінен көрінді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі директорының орынбасары Бидас Рүстембеков, аудандық «Невада-Семей» қорының төрағасы Болатбек Сағымбаев, аудандық емхананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаевтар марапатталды. Ал «Халық алғысы» мерекелік медалі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, аудандық емхананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, аудандық полиция ардагері Бағдат Ақтаев, аудандық полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторы Қайыржан Жұбандықовтарға табысталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2021» республикалық конкурсына қатысқаны үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және облыс әкімінің алғыс хаты «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов, «Берсүгір» ЖШС төрағасы Ербол Ешмұратов, «Қармақшы құрылыс» ЖШС төрағасы Динара Қаршығаларға берілсе, облыс әкімінің алғыс хаты аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Зинекүл Аусенбаеваға табысталды.
Сондай-ақ өз саласында табыс­ты еңбек етіп, қызметіне адалдық таныт­қандар «Жыл үздіктері» номинация­ларын иеленді. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, жер­гілікті өнерпаздар кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 қаңтар 2022 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930