» » Еселі еңбекпен жеткен табыс

Еселі еңбекпен жеткен табыс

qarmaqshy-tany.kz Жыл аяқталар тұста ауданымызда әр салада оза шауып, өз ісінің шеберін анықтайтын игі дәстүр қалыптасты. Аудандық мәдениет үйінде сан саланың үздіктері марапатталды.
Жылына бір рет өткізілетін бұл басқосудың басты бағыты – елімізге шынайы қызмет етумен қатар, өз мамандығын жете меңгеріп, еселі еңбегімен үлкен жетістіктерге жеткен маман иелерін дәріптеу. Қоғам арасында маңдай терімен абыройлы іс атқарған ел азаматы қай жерде де ел сүйіспеншілігіне лайықты. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан еліміздің қарқынды дамуына зор үлес қосқан және Қазақстанның жарқын болашағы үшін үлкен еңбектің тізгінін ұстаған ел азаматтарын мақтан тұту қажет-ақ. Жиында құттықтау сөзді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов алып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сала үздіктеріне марапат табыстады. Бірінші кезекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мадақтамасы берілсе, келесі кезекте ауыл шаруашылығы мамандарына Қылышбек Әбішев атындағы төсбелгі мен 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. Мұнан соң бірқатар сала мамандарын облыс, аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар сан саланың үздігін анықтайтын "Жыл үздігі – 2022" марапаты ұсынылды. Үздіктер қатарында "Жаңажол" ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов "Жылдың үздік ауыл шаруашылығы саласының қызметкері", аудандық аурухананың бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Пәрида Сарыбаева "Жылдың үздік медицина саласының қызметкері", "Қармақшы таңы" газетінің аға тілшісі Нұрбай Жанәділов "Жылдың үздік тілшісі", аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Қосбергенов "Жылдың үздік қаржы саласының қызметкері", III Интернационал ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Сайымов "Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі", кәсіпкер Нағима Тоқсанбаева "Жылдың үздік кәсіпкері", аудандық электр торабының бас инженері Мейрамбек Дәрменов "Жылдың үздік коммуналдық саласының қызметкері", Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің режиссері Мадияр Махамбетұлы "Жылдың үздік мәдениет саласының қызметкері", жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков "Жылдың үздік спортшысы" атанды. Жыл бойы еселі еңбек еткен әр саланың мамандары бұл күні ерекше құрметке бөленді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
"Қт" ақпарат
31 желтоқсан 2022 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930