» » Көргені жақсы көш бастайды

Көргені жақсы көш бастайды

Тәуелсіздік мерекесі – өз тарихында тұңғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Еліміз үшін бұл жылдар ілгерілеу мен орнықты даму кезеңі болды. Осы аралықта ел экономикасы қарқынды дамып, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Егемен еліміздің басты мерекесіне орай аудандық жыраулар үйінде салтанатты іс-шара өтті.
Оған аудан әкімі Мұса Қалдарбеков, түрлі салада еңбек етіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты. Мерекелік жиынның алғы сөзі аудан әкіміне берілді.
– Баршаңызды егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Елдің даму көшінде қармақшылықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбегінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыты қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Сонымен қатар салтанатты жиында аудан басшысы Мұса Оспанұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады. Мұндай құрметке медицина саласынының ардагері Жандияр Бодықов, ауылшаруашылығы саласының ардагерлері Бибігүл Әбішова, Байдан Тұрғанов, Жақсылық Қыпшақбайұлы, Қоянбай Қалмұрзаев, байланыс саласының ардагері Әбдібек Лақбаев, тұтынушылар кооперация саласының ардагері Үрзада Бекмұрзаева, денсаулық сақтау саласының ардагері Владимир Шерғазин, заң саласының ардагері Молдабек Ахметов, білім саласының өкілі Бауыржан Елеусінов лайық деп танылды.
Сондай-ақ мерекелік кеште сала үздіктері облыс әкімі және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қатарында спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, өндіріс және бизнес саласының өкілдері бар.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Қармақшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мақсат Амантаев пен Алдашбай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жеткерген Мұратбеков ант берді.
Ескерте кеткен жөн, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Мерекелік жиын одан әрі аудан өнерпаздарының тартуымен жалғасты.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
21 желтоқсан 2020 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930