Жомарт жүрек

«Сараң – пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды,
Жомарт – қара құлдың баласы болса да тозаққа бармайды»
Халық даналығы

Мұндай қасиетке ие болған жан жақсылық жасауды көңілі қалап, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын тұрады. Жомарттық көпке дари бермейтін ұлы қасиет. Оны ойласам, ойыма жақсылық түседі.  Жақсылық күн нұры секілді айналасына мейірімділікпен қарап жарқырап тұрады. Ал ондай жандар адамның алдында да, Алланың алдында да сыйлы. Әрбір адам бұл өмірге белгілі бір миссиямен келеді, ал сол миссиямыз адамдарға жақсылық жасау болса екен, деймін.
Мына қоршаған ортада жан түршіктірерлік сан алуан оқиғалар орын алуда. Сондағы  адамдардың тас жүрекке айналғаны ма, әлде зардап шегуші тараптан кеткен қателік пе?
Адам адамнан қорқатын заманға жеткеніміз мен айтпасам да айдан анық көрініп тұр. Адами құндылығын жоғалтқан мына заманда, миссиямыз жақсылық жасау болсын деп жазып отырған мен ақымақпын ба, әлде бұл адамгершіліктен айырылған тасжүрек адамдар ақымақ па?
Жақсылық жасай білу – адам ойының түзулігі мен шынайылығынан ұштасқан ерекше қасиеттер. Жақсылық жасау – ол адамның өз еркімен, шын жүректен жасалатын ізгі істер. Бірақ өмір болған соң жақсы мен жаман, ақ пен қара қатар жүреді. Қазіргі заманда жамандық жасау адамның бір әдетіне айналғаны өкінішті. Жақсы болам десең, ортаңды дұрыста.

Саида ЕСЖАНОВА,
ҚМУ-дың 1 курс студенті
05 маусым 2023 ж. 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031