» » Ерікті іс – қайырымдылықтың бір қанаты

Ерікті іс – қайырымдылықтың бір қанаты

qarmaqshy-tany.kz ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ, ЖЫҒЫЛҒАНҒА СҮЙЕУ, ЖЫЛАҒАНҒА ТІРЕУ БОЛУ – ӘРБІР АДАМНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН ІС. ТІПТІ, БҰЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІНЕ СІҢІП КЕТКЕН. БІЗ МҰНЫ АЛЫСТАН СҰЛБАСЫ КӨРІНГЕН ҚАРИЯНЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУГЕ АСЫҒАТЫН БАЛАДАН НЕМЕСЕ ЖАСЫ КІШІГЕ ІЗЕТ БІЛДІРІП, ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІП ЖҮРГЕН ЖАСТАРДАН АҢҒАРА АЛАМЫЗ.
Аудандағы С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің жоғары сынып оқушыларынан құралған еріктілер тобы бүгінде үлкенге жақсылық жасауды әдетке айналдырған. Бүл үрдіс былтырдан бастап қолға алынып, қазіргі таңда жалғасын тауып келеді. Баланы жастайынан еңбекке баулу, үлкенге құрмет көрсетуді үйрету ата-бабадан келе жатқан қасиет. Біз осы қасиеттен айнымай жастарды мектеп қабырғасынан-ақ еңбексүйгіштікке тәрбиелеудеміз.
Ай басында мектептің ер балаларынан құралған еріктілер тобы кенттегі 93 жастағы жалғызбасты әже Әлимаш Жылгелдиеваның үйіне барып, қорасының қарын күреп, отынын жарып берді. Одан бөлек, сексеннен асқан жалғызбасты әже Қалдыгүл Есқалиеваның ауласын тазалап, қайырымды іс көрсетті. Оқушылардың мұндай көмегіне әжелері риясыз алғыстарын айтып, батасын беруде. Осындай үлкен алғыс, жақсы сөзден кейін мектептің еріктілері жақсылық жасауға асығып тұрады.
Қазақ халқының қай баласы болсын өзгенің қолтығынан демегеніне ақы сұрамайды. Олардың ақ батасын алғанның өзін абырой санаған. Еріктілік те солай. Жақсылық жасау адамның рухани қазынасын байыта түсетіні сөзсіз. Өн бойыңыздағы адамгершілік қасиетіңізді арттырып, мейірім шуағыңызды молайтады.
Ғалымжан ОЛЖАБАЙҰЛЫ,
№27 мектептің әлеуметтік педагогы
02 наурыз 2023 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930