» » Бізде де автоволонтерлар бар

Бізде де автоволонтерлар бар

Қазір еріктілер бүгінгі күннің батырына айналды. Ел, аймақты айтпай-ақ, өзіміздің ауданда олардың көмегімен ауқымды істер атқарылуда. Былтырғы еріктілер жылындағы біріккен бірлік биыл да жалғасын тауып жатыр. Жалпы волонтер дегенде еріктіліктің ойға оралатыны рас қой. Ал автоволонтер дегенде ше?

Атауы аңғартып-ақ тұр. Яки олар өз көлігімен ерікті түрде қөмек көрсетеді. Мұндай еріктілер жақында бізде де құрылды. «Демеу» еріктілер тобы біркісідей ойласа келе осы бастаманы қолға алуды көздеген. Нәтижесінде, WhatsApp әлеуметтік желісінде «Автоволонтер Жосалы» группасы ашылып, қолдау көрсетуге ниеттілер қатары толығуда.
– Жалғызбасты қарттарға, үлкен кісілерге, мұқтаж отбасыларға тамақ тасып, керек заттарды апаруда көлік қажет болды. Осы тұстан қиындық көп кезікті. Өзім де ауылда болмадым. Бірақ такси жібертіп, діттеген жерге қатынап отырдық. Кейін ойлана келе осы бастаманы неге қолға алмасқа деген ой туды. Аштық. Группаларға таратып, біршама ерікті жиналды. Мақсатымыз тегін көлік қызметін көрсетіп, алдағы уақытта автоеріктілер қатарын көбейту, – дейді ерікті Азамат Бегімұлы.
Ал 24 жастағы Әзиз Нұртайдың айтуынша, автоерікті болу мақтаныш емес. Ол – бір Алланың разылығы үшін жасалатын үлкен жақсылық.
– Автоволонтер тобы ашылғаннан бастап чатқа қосылдым. Өзім Атырау қаласында жұмыс істеймін. Демалысқа келгенде такси болып қосымша еңбек етемін. Сол аралықта осылай тегін қызмет көрсетіп, еріктілікпен айналысамын. Істің қайырлысы – қайырымдылық екені баршаға аян. Сол қайырлы іспен біз болып, сіз болып атсалыссақ нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ол.
«Кең пейілді кемімес». Қазір еріктілер тобы қолдан келгенше көмегін көрсетуде. Бүгінде олар қайырымдылық шараларының басы-қасында жүр. Бірі – мұқтаж азаматтарға қол ұшын созса, енді бірі – демеу болуда. Ендігісі – автоерікті болып, сол жақсылықтың көпіріне айналды.
Ал жұма күндері жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар мен қарттарды тегін таситын Асылжан Маханбетовты бірі білсе, бірі білмес. Вахталық жұмыс істейтін ол келген бір демалысында тегін такси қызметін көрсетеді. Онымен қоса жалғызбасты қарт кісілердің ауласын жинап, қарын күрейді. Бізбен тілдескенінде ерікті жас жұмыста екен. Ал ауылға оралған тұста жаңадан ашылған автоволонтер тобымен тегін көмек көрсетпек ниетте.
«Біз біргеміз» дейді еріктілер. Бұл – аудан еріктілерінің ұранына айналған сөз. Ал ұйымдастырушылар «Қай уақытта болмасын қол ұшын созуға даярмыз» дейді әңгімемізді түйіндей.

Айнұр ӘЛИ
30 қаңтар 2021 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031