Бөбектерді қуанышқа бөледі

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» деген ұранмен «Жібек» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Төретам кентіндегі №22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңілкүй сыйлау әрі жаңа оқу жылын шаттықпен бастау мақсатында ертегі кейіпкерлерінің сахналық қойылымы өтті. Әртүрлі образдағы кейіпкерлер ойыны балаларды қуанышқа бөледі. Ертегіге мәз болған бөбекжай бөбектеріне аталған қордың атынан сыйлықтар тарту етілді. Балаларды бір сәтке қуанту үшін жасалған жұмыста үлкен еңбек жатыр. Балабақша ұжымымен үнемі байланыс жасап, балалардың қуанышын арттыруға үлестерін қосып жүретін «Жібек» қорының ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігіне ризалығымызды білдіреміз. «Қолы ашықтың – жолы ашық» дегендей, балаға жақсылық жасағанның әрбір ісі қайырлы.
Жадыра НАҒЫМЕТОВА